Сақшылар көмекке дайын - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарағанды қалалық білім бөлімінің мамандары №57 мектеп-лицейінде мектеп оқушыларына құқық төңірегінде дәріс оқыды. Екі бөлімнен тұрған шараға 6-10 сынып оқушылары, білім ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог және психологтар, аймақтық полиция бөлімі инспекторлары қатысты.

Алғашқы бөлімге қатысушылар жақында №27 және №17 орта мектептерінде өткен «Құқықтық сақшы» атты қалалық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған полицияға қолғабыс етуші шұғыл жасақтардың үздік үгіт көріністерін тамашалады.

Оқушылардың заңға бағынушылық және құқықтық сауаттылығын бақылап, сонымен қатар, полицияға қолғабыс етуші шұғыл жасақтардың жұмысымен танысты. Байқауға қатысқан 50-ден астам білім ұйымының жасақтары үгіт көріністері арқылы өздерінің құқықтық білімдерін, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете білді.

Қатысушылардың көріністерін қалалық білім бөлімінің мамандары, Қарағанды қаласы ішкі істер Басқармасының қызметкерлері, ювеналды полиция тобының бас инспекторлары бағалады. Үгіт сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені – №9 гимназия оқушылары, бірінші орынды – №97 гимназия және №77 мектеп оқушылары иеленді. Жүлделі екінші орынды –№16, №39, №8, №32, №45 гимназия оқушылары жеңіп алса, үшінші орынға – №3 гимназия және №27, №38, №17, №33, №11 мектеп оқушылары лайық деп танылды. Сонымен қатар, «Шығармашылық батылдығы үшін» – №63 мектеп, «Алғашқы әскери дайындықтарын ұсынғаны үшін» – №83 мектеп, «Құқық тарихына қызығушылығы үшін» – №91 және №85 мектеп командасы – «Ұрпақ сабақтастығы және отансүйгіштігі үшін» мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жалпы, «құқықтық дәрістердің» қызықты ойын және тренинг түрінде өткізілгені – оқушы белсенділігін арттыруға сеп. Шара – әртүрлі мектептер алаңында ағымдағы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 210
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px