Сапалы білім бастауы - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Сапалы білім  бастауы
Қазақстанның әлем елдерімен терезесі тең қатынас құруына бірден-бір негіз болатын сала  – ғылым мен білім. Сондықтан, бұл саланың дамуына мемлекет тарапынан үлкен мән берілуде. Ал, оны жүзеге асыратын – білімді, жаңа форматтағы мұғалім.


Еліміздің білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістер мен жаңашылдықтар – Дүниежүзілік білім стандарты кеңістігі деңгейіне жету жолындағы алғашқы қадамдар. 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, Кембридж университеті мамандары мен Назарбаев зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстанда үш айлық курстың басталғаны белгілі. Жаңаарқа ауданының №132 ЖОББ Жетекші мектебінде «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – сапалы білім берудің кепілі» деген тақырыпта бірінші (жоғары) деңгейдегі бағдарлама бойынша жаңа форматтағы оқуды бітірген педагогтардың ІІІ есеп беру  конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасының маңызды мәселелерін талқылау және идеяларын енгізу, Жаңаарқа ауданының білім ұйымдарындағы  көшбасшы мұғалімдердің бір жылдық жұмыстарын қорытындылау.
Конференцияны аудандық білім бөлімі, №132 орта мектебі және О.Жұмабеков атындағы орта мектебінің үйлестірушілері ұйымдастырды. Конференцияға аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Аштаев, білім бөлімінің мамандары – Ш.Үрпекова, З.Әшімова, аудандағы алдыңғы қатарлы мектептердің үйлестірушілері, 2015 жылы педагогикалық шеберлік орталығында курстан өткен І деңгей мұғалімдері және курстың тәлім алушылары қатысты.
Конференцияны аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Аштаев құттықтау сөзбен ашып, №132 ЖОББ жетекші мектебінің директоры М.Балабаева «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы білім кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. №132 ЖОББ мектептің үйлестірушісі Г.Бабасова «Деңгейлік бағдарламасы ұсынған білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты тақырыпта өзі жұмыс істейтін жетекші мектеп және сол мектептің аясындағы магнитті мектептердің осы оқу жылы бойында атқарған жұмыстарының есебін берді. О.Жұмабеков атындағы ЖОББ жетекші мектебінің үйлестірушісі А.Ахметова «Жаңаша оқу мен оқыту – заман талабы» тақырыбында баяндама  жасап, өздерінің және магниттік мектептердің атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне тоқталды.
Секциялық жұмыстар бойынша Г.Қаңтарбаева, Г.Ермекова «Пути повышения познавательной деятельности учащихся», Д.Аринова, Л.Хасенова «Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақ қою әдісінің  тиімділігі», Ғ.Иманбаева «Оқыту мен оқудағы диалогтік оқыту», Н.Жаманғарина, Р.Нұрланова «Қалай оқу керектігін үйрету», Ж.Кенжебаева, М.Асанова «Инклюзивтік оқыту» деген тақырыптарда тренинг пен шеберлік сабақтар өткізді. Конференцияға қатысқан тәлім алушылар мен мұғалімдер шеберлік сабақтар мен тренигтерге белсене қатысып, ой-пікірлерін ортаға салып, шығармашылықтарын  шыңдады. Өздерін оқушы орнына қоя отырып, оқушыларды ынталандыратын, жігер беретін әдіс-тәсілдер қолданса, еңбектері нәтижелі болатынына көздерін жеткізді.  
Конференция соңында 2015 жылғы бірінші (жоғары) деңгейдегі бағдарлама бойынша жаңа форматтағы оқуды бітірген педагогтардың портфолиосы байқауының қорытындысын шығарылды. Байқауға жалпы 11 мұғалімнің портфолиосы ұсынылған болатын. Бұл портфолиоларды құрылған комиссия құрамы жалпы ережелері бойынша тексеріп, қорытындысында №132 ЖОББ мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Қаңтарбаеваның, С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі                         Ғ.Иманбаеваның, Атасу ЖОББ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Асанованың портфолиолары «Үздік портфолио» деп танылып, конференция жұмысына белсене қатысушылар мен «Үздік портфолио» иелері марапатталды.

Г.БАБАСОВА,
№ 132 ЖОББМ жетекші мектебінің үйлестірушісі.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 309
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px