Шәкіртақы иеленді - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Шәкіртақы иеленді
ҚарМТУ-дың студенті академик Шахмардан ЕСЕНОВ атындағы Ғылыми-білім беру қорының шәкіртақысын иеленді. Жарысқа Қазақстанның 18 жоғары оқу орнынан 72 студент қатысты.
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  
Шәкіртақының иесі атанған Салтанат Төлеген оқу орнындағы  Энергетика, автоматика және телебай­ланыс факультетінде «автоматтан­ды­ру және басқару»  мамандығы  бойынша білім  алады. Студент  жеңіп  алған 25 000 теңгелік  шәкіртақы 12 ай бойы  (2016 ж. сәуір – 2017 ж. наурыз) беріледі.
«Салтанат Жанботақызы – еліміздегі Президенттік шәкіртақының иегері, «Ақниет» ҚҰ волонтері, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын оқу озаты. Жарыстың үш кезеңінен сүрінбей өтіп, аталмыш бағдарлама бойынша бес жеңімпаздың бірі атанды. Бұл шәкіртақының тағайындалуы студентті мемлекеттік, сонымен қатар, жоғарылатылған шәкіртақы алу құқығынан айырмайды», – дейді ҚарМТУ оқытушылары.
Жалпы, «Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру қоры» – геолог, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, геологиялық-минералогиялық ғылымдар докторы, профессор Шахмардан Есеновтің құрметіне құрылған. Ғалымның ғылыми жолын жалғастырушы жастарды жаңашыл бастамалармен күтеді. Қазақстандық ғылымды, ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуға үлес қосушы студенттерді шәкіртақымен марапаттайды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 128
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px