Шәкіртақы табысталды - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Бұл жылғы шәкіртақының иесі, ҰБТ-да жоғары балл жинаған, белсенді түлектердің бірі – Думан Рымтай. Жалпы, мектептің білім сапасы да материалдық-техникалық базасы да жақсы. Ауыл жастарының мектепке деген қамқорлығы ерекше. Бірі қаржылай көмек көрсетіп жатса, енді бірі мектептің материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр.

Түлектерді аудандық білім бөлімі қызметкерлері Азамат Секербай мен Қайрат Мүсілімов, ауыл әкімі Қ.Сағатбеков және бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаздар – Бақыт Базарбаева мен Гүлбаршын Зейнекеева құттықтап, ақ жол тіледі.

Назым Әбікеева мен Жанна Тілемісова шәкірттеріне биік белестерді бағындырыңдар деген ізгі тілегін арнады. Ата-аналар мен ұл-қыздар да мектебіне, ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жеткізді.

 

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 916
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px