Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.08.2017

Ұстаз болғым келеді
Ұстаз – киелі ұғым. Ұстаз – білім, ғылым, өнердегі, жалпы, адам баласының рухани өміріндегі жанашыр жақыны, тәлім-тәрбие беруші, ақылшысы. Жас ұрпақтың кеудесіне ұшқын беріп, зердесін ашып, тәлімін аямай жүрген ұстаздарға бала көңілінің пернелерін дәл тауып, дамыта білу оңай емес. Бұл ұстаздың өз кәсібіне деген сенімділігі мен табандылығынан туындары анық. Оның сенімділігі мұғалімнің білімінен және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінсе керек. Ал бұл дегеніңіз – нағыз шеберлік. 
Ақынның ақындығы атақта емес, 
Ақынның ақындығы арда ғана,– дейді ақиық ақын Мұқағали. Ұстаздың тұлғалық қасиеті де оның алған атағында емес, шәкіртінің сапалы білімі мен тәлімді тәрбиесімен өлшенеді.
Ұстаз болу – арманым. Бұл мамандықты таңдауыма аяулы ұстаздарымның бойынан табылатын адалдық, қарапайымдылық, мейірімділік қасиеттері түрткі болды. Ұлы мамандықтың даңғыл жолының бел ортасында келе жатқан ұлағатты ұстаздардың бірі – Іңкәр Кәкенова. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Ұстазым қазақ тілі мен әдебиетіне деген құштарлығымды оятты, шұрайлы сөз сырын ұқтырып, өлеңнің құдіретін сезінуге әсер етті. Көркем сөздің қуаты ұстазымның әуезді үнімен тіптен, құлпыра түседі. Білім-ғылымды шәкірт санасына сіңірудегі оның еңбек жолы ұстаздық мамандыққа деген көзқарасымды қалыптастырды.   
Мектебіміздің «Өзін-өзін басқару» ұйымының жетекшілігімен және кейбір төмен сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беріп те көрдім. Сабақ беру барысында үлкен әсер алдым. Оқушылардың маған «мұғалім», «апай» деген сөздері менің жүрегіме үлкен үміт ұялатты. 
Абай атамыз айтқандай, адам баласының бойында «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш қасиетті шәкірттерінің бойына сіңіру – әрбір ұстаз міндеті. Менде осы қасиеттерді өзімнің шәкірттерімнің бойына дарытқым келеді. Болашақта шәкірттеріме жақсы тәлім-тәрбие беріп, Іңкәр Мұғдариқызы сынды үлгілі, білікті ұстаз боламын. 
Ақмарал ҚАСЫМБЕК, 
№8 мектептің 11-сынып оқушысы. 
Бесоба аулы, 
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 17885
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px