Ұстаз болу - өз уақытын аямау - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Ұстаз болу - өз уақытын аямау
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес.
Жақсы ұстаз – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.
Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс- тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Педагогикалық процестегі инновация – оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Мұғалім кәсібінің сапасы педагогтық әдеп пен ұстаздық шеберлік ұштасқанда өз нәтижесін береді. Өз тәжірибеме өзгерістер енгізуді мақсат етіп курсқа келдім. Мен мұғалім мамандығын таңдаған уақыттан бастап, осы жолдың қиын әрі қызықты, мағыналы, аса маңызды екендігін түсіндім. Өз жұмысын кез келген маман зор сүйіспеншілікпен орындаса, оның жемісі нәтижелі де сапалы болатыны сөзсіз.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту бағдарламасы, заманауи педагогикалық технологиялар үнемі өз тәжірибемізді жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Осы жаңа әдіс-тәсілдердің ерекшеліктеріне деген көзқарасым үш апталық курс бағдарламасының тыңдаушысы болғанымнан кейін өзгерді. Сындарлы оқыту теориясындағы спиральді оқыту,оқушылар бойына адами құндылықтарды сіңіруді өз сабақтарымда керемет ықпалдасады деп ойлаймын. Бүгінгі күнде сабақтың сапасын арттырып, терең білім беруде оқытудың әдістерін жетілдіре түсу керек деп ойлаймын.
«Адамның ақыл-ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады»  деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби айтқандай болашақта өсіп келе жатқан ұрпағымызды көшбасшылыққа, өз ойын ашық түрде айта білуге, еліміздің туын көкке желбіретіп, оның өсіп-өнуіне өз ықпалын тигізетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Әр баланың санасына білімді жетік жеткізу керек екенін, әр баланы жеке тұлға ретінде санау, әр баланың ойын тыңдап, оны бөлісу керек екеніне көз жеткіздім.
Қазіргі заман талабына сай оқу үрдісінде көптеген жаңашыл ойлар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізіп, оқытқан шәкірттерімнің өмірде алатын орны ерекше болады деп ойлаймын. Осы курстағы тыңдаушылардың өмірге деген көзқарасы өзінің шәкіртіне деген мейірімі, өз мамандығына деген қызығушылығы арта түскенін байқадым.
Курстағы оқып үйренген, алған білімімді, үйренген әдіс - тәсілдерімді өзімнің тәжірибемде қолданып, өз шәкірттерімнің өн бойында тереңде жатқан қасиеттерін аша аламын деген сенімдемін!
Жаңалықтарды жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттерінің жанына құятын ұстаз қауымының мәртебесі жоғары, мерейі үстем болғай!

Ұ.ЖҮНІСБЕКОВА,
№66 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1071
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px