Ұстаз мерейі - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Мектеп табалдырығын аттағандағы алғашқы ұстазым – Тілеукен                     БАЛМАҒАНБЕТҚЫЗЫ болатын. Бізді ерекше ықыласпен, жылы мейіріммен қарсы алды.

Мектепке келгенде апайымыздың соңынан еріп, мектеп ішімен таныса отырып, екінші қабаттағы сынып бөлмесіне бардық. Алғаш партаға отырғаннан бастап ұстазымның мейірімін сезініп, әр сөзін ұғып алуға ынталандым. Ең алғаш қолыма қалам ұстатқан ұстазымның күш-жігерін, шыдамдылығын, мейірімділігін байқадым. Сабақтан қалмай, үздік оқушылардың қатарынан көріндім. Оқу озаты атандым. Сабақ барысында ұстазыма  «Ерінбейді, талмайды, Шаршап та дем алмайды. Күн сайын ол сабақты, Соңына дейін талдайды. Білгенімнің куәсі, Сайысқа сан қатыстым. Додасына түсіп білімнің, Ұстазыма асықтым» деген тақпақ шығардым. Ұстазымды сынып оқушыларының екінші анасы деп айтсам қателеспеймін.

А.МҰХАМЕДИНОВА,

№101 мектеп-лицейінің

4 сынып

оқушысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 155
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px