Сыңғырла, күміс қоңырау! - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Сыңғырла, күміс қоңырау!
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

«Түлектердің  қанаттары   талмасын,
Көк  аспанда  қыран  болып    самғасын...»
Үлкен өмiр мектебiне шығарып салар соңғы қоңырау салтанаты – осындай қимас қоштасу әуенiмен  ыстық. Ізгі тілектерге бастаған қала мектептері арасындағы соңғы қоңырау салтанаты сейсенбі күні «Достық үйі»  алаңында  өтті.  Салтанатты  шараға қатысушы  1700-ден  астам түлекті  Қарағанды қаласының әкімі Н.ӘУБӘКІРОВ,   ардагер ұстаз  М.ЖОШИНА  құттықтады.

Бұл ретте  2015-2016 оқу жылында Қарағандының 51 мектебінде 1 741 түлек оқуды аяқтады. Қарағанды қалалық білім басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы оқу жылында білім ұйымдары бойынша «Алтын белгіге» – 33, үздік аттестатқа – 19 түлек үміткер. 2015 жылы өткен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 82,6% құраған.
Әсерлі басталған жалпықалалық соңғы қоңырау салтанатында 2016 жыл бойы озық білім нәтижесін көрсеткен халықаралық  олимпиада жүлдегерлері, шығармашылық сайыс, фестиваль  және спорт жарыстары­ның жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Педагогикалық еңбек арда­ге­рі М.Жошина 2015-2016 оқу жылының  қорытындысы бойынша оқуда, спортта озық  жетістіктерімен көрінген үздік түлектерді құттықтады. Мерекелік кеш түлектердің Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, ел дамуының даңғыл жолына үлес қосу талпыныстарын қалыптастырып, сонымен қатар,  ата-аналар үшін мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылғанын жеткізді. Шарада қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, шәкірттік кезеңнің соңғы сәтінде тұрған түлектерге сөз берілді. №38 мектептің  үздік аттестатқа үміткер  түлегі, АҚШ-тағы Дьюк Университетіне қабылданған Билл Гейтс шәкіртақысының жеңімпазы Дарья Андрейченко келер буынның білімде алғыр  болуын тіледі. Он бір жыл бойы зердесін біліммен сусындатқан ұстаздарына деген ізгі ықыласын жеткізді. Мектеп бітірушілер атынан ұстаздар қауымын Мәскеу қаласындағы «Компьютерная физика» халық­аралық сайыстардың, М.Ломоносов атындағы олимпиаданың жеңімпазы, «Олимпиады Физтех» олимпиадасының жүлдегері, «Алтын белгі» аттестатына үміткер №2 лицейдің түлегі Николай  Патакин және Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ғылыми жобалар халық­аралық байқауының диплом иегері, Қазақстан чемпионатының жүлдегері, Болгариядағы әлем кубогының қатысушысы, спорттық акробатика мен батутта секіруден халықаралық турнир, дзюдо және кикбоксинг сайыстарының жеңімпазы, №39 гимназияның түлегі Нұрхан Құрманалиев  құттықтады.
Сондай-ақ, жыл сайынғы дәстүрлі ант беру рәсімі «Жыл оқушысы – 2016» қалалық байқауының жеңімпазы, №53 мектеп-лицейінің түлегі Арман Кайратовқа және дүниежүзілік тарих пен Қазақстан тарихы пәндерінен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, №93 гимназияның түлегі  Вера Тарасоваға бұйырды. Түлектер ұстаздарына ризашылығын білдіріп, замандастарының алдағы өтетін сынақтардан сүрінбеуіне тілектерін қосты.
Мерекелі күнге арналып ұйымдастырылған шараның ерекше сәті – мектеп бітіруші түлектер мен бірінші сынып оқушыларының соңғы қоңырауды соғу салтанаты болды.  Әсіресе №95 мектеп-гимназия оқушыларының және балалар мен жеткіншектер Сарайының «Волшебная страна» өнерпаздарының көрсетілімдері шараны көріктендіре түсті. Ата-аналар және «Шолпан» үлгілі хореографиялық би ұжымы, «Бозторғай» вокал студиясы,  өнер мектептері  солистерінің қолдауымен қаланың үздік түлектерін, олардың ішінде облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың, спорттық сайыстардың жеңімпаздарын  аса үлкен құрметпен ортаға алды. Қоңыраудың үнімен шығарып салып, ғылымның сан қырынан көрінулеріне тілек қосты.
Суретті  түсірген  Д.КУЗМИЧЕВ.


 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 496
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px