Сынаққа әзірлік – ойдағыдай - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сынаққа әзірлік – ойдағыдай
Түлектердің ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру мақсатында Қарқаралы ауданында «Түлек – 2016» акциясы өтті. Оқушылардың көктемгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асып отырған шараны Қарағанды облысының білім басқармасы мен оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

«Түлек – 2016» акциясын өткізу тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, шағын мектептің түлектері бас қосты. Қала басындағы М.Бәпиұлы атындағы №44 орта мектептің оқу базасында өткен акцияға №№16, 17, 18, 20, 21, 22, 31, 1, 2, 5, 9, 15, 23, 35 және аталмыш мектептің түлектері қатысты. Жиын барысында аудан бойынша ұзын саны 114 түлек қамтылды.
ҰБТ-да шәкірттері жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген ұстаздар сынаққа дайындалудың тиімді тәсілдерін ұсынып, негізгі пәндерден дайындық жұмыстарын жүргізіп, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Алты күн ішінде сегіз сағаттық сабақ кестесіне сай жүргізілген дайындық жұмыстарымен қатар, психологиялық тренингтер, зияткерлік ойындар өткізілді.
Аталмыш шараның оқушылар үшін тиімділігі зор болмақ. Ең алдымен, әрбір түлек  үздік ұстаздардан дәріс алып, әрқайсысының оқыту тәсілін көріп, жанына жақынын қабылдап үйренсе, екіншіден, түлектер жақын қарым-қатынаста танысып, сұхбаттасып пікір алысты.
Мәселен, осы бір шараның тиімділігі жөнінде, №35 мектеп оқушысы Мерей Мұқанов «Акция өтеді» дегенде «Бір аптаның ішінде не үйрене қоямын?!»,– деп, алғашында күмәнмен қарағаным рас. Бірақ, бұл ойымның бәрі акцияға қатысқаннан кейін өзгерді. Алғашқы күні балаларға сіңісе алмағанмен, ойларын ашық айтып, сабаққа белсене қатысып отырған басқа мектеп оқушыларын көргенде «қатарымнан қалмайын» деп мен де тырыстым. Білмегенімді ұялмай сұрап, өз білгенімді ортаға салуға мүмкіндік туды. Осындай шараның өтіп жатқандығы: түлектерге психологиялық жағынан да, білімді шыңдау үшін де пайдасын тигізді. Мен өте ризамын», – десе, №44 мектептің оқушысы Нұргүл Шөкен «Үлкен өмірге қадам жасарда алдымызда тұрған асудың бірі – ҰБТ. Білім сынағын жақсы тапсырып шығу үшін, бар күшін салып жатқан ұстаздарды көргенде сенімді ақтамауға болмайтынын түсіндім. Осы акция біздің өмірге, білімге деген құлшынысымызды оятты. Білімді толықтырып, білмегенімізді үйрендік. Алғысым шексіз», – деп, ризашылықтарын білдіруде.
Акция барысында түлектердің сынаққа дайындығына жан-жақты жағдай жасалды. Тегін жатын орын, тамақпен қамтамасыз етілді.  

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 256
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px