Сыр-сұхбат кеші - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Сыр-сұхбат кеші
Қарағанды қаласындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ана – бала бақыты» тақырыбында мектеп оқушыларының аналары және жоғары сыныптардың қыз балалары бірлесіп ұйымдастырған театрландырылған мазмұндағы сыр-сұхбат кеші өткізілді.
Кеш барысында тақырыпқа байланысты бейнефильмдер көрсетіліп, тастандылар тағдыры жайлы өлең жолдары оқылды. Ән тыңдалып, көріністер көрсетілді. Кеш соңында аналарымыз да, қыздарымыз да көргендері, тыңдағандары бойынша ой бөлісті. Арнайы шақырылған қарт ана қыз балаларға өзінің өмір мектебінен ой толғап, аналық ақылын айтты.
Иә, жас ұрпақ – біздің өмірімізді тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Қазақ халқы өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Соның ішінде, қыз бала тәрбиесіне, ар-намысына ерекше мән бергендігі белгілі. Ұлт ұғымында «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсерлі кештің басты мақсаты – қазақ қыздарының бойына осы бір тамаша қасиеттерді ұялату болды.
«Баланың бас ұстазы – ата-анасы». Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен, әке мен ананың тәрбиесінде болатындығы белгілі. Тәрбие үрдісінің бір тарауы – отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбиенің жалғасын мектеп өмірінен  табады. Сондықтан, ел есінде қалардай деңгейде өткен кешті өткізудің тағы бір межесі – ата-анамен байланысты нығайтып, қазақ қызының санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Қысқасы, «Ана – бала бақыты» тақырыбындағы сыр-сұхбат кеші қыз бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді орынды әрі орнықты қозғауымен ерекшеленді.

Шану КАНТОРБАЕВА,
№6 ЖББОМ директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 269
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px