«Таяқтың екі ұшы бар» - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

«Таяқтың  екі ұшы бар»
№5 орта мектептің 5-9 сынып оқушылары аралысында «Қауіпсіз ғаламтор – қауіпсіз қоғам» тақырыбында сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, саптық жиындар, дебаттар өткізілді. Сондай-ақ, буклеттер мен плакаттар әзірленді.
Іс-шараларды ұйымдастырудағы мақсат – қазақстандық тұтынушыларға, әсіресе, балалар мен жас­өспірімдерге қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруды қамтамасыз ету. Заңсыз ақпарат тарату көздеріне жол бермеу қағидасын қалыптастыру.
Ғаламтор – қолжетімді ақпараттың қайнар көзінің бірі. Алайда, ғаламтор ағымында тек пайдалы әрі жағымды ақпараттар ғана кездеседі деп қателесуге болмайды. Себебі, бүгінгі таңда осы ақпарат көзі арқылы діни және ұлтаралық алауыздықты, экстремизм, терроризм, нашақорлық пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын заңсыз қолданушылар да көптеп табылуда. Сондықтан, ата-аналар, ұстаздар тарапынан да оқушылардың ғаламтор желісін дұрыс әрі тиімді пайдалануын үнемі қадағалап отыру қажет.
Гүлжайнар МЕРЕЙХАН,
№5 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі.
БАЛҚАШ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 123
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px