Талаптыға нұр жауар - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Бейсенбі күні «Қазақстан – менің елім» атты «Шағын ЭКСПО – 2016» облыстық көрме-форумы өтті. Аймақтың барлық аудан, қалаларынан жиналған оқушылардың жобалары келесі жылы өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесіне арналыпты. 

Көрмеге қойылған 150-ден астам жоба «Энергияны үнемдеу», «Экология», «Жасыл экономика», «Ландшафтық дизайн» «Екінші өмір» және тағы басқа аталымдар бой­ынша іріктелген. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалар, «Экообъектив» фотобайқауы ұйымдастырылған. «Энергияны үнемдеу» аталымында жұмысын ұсынған Айбек Сатмағанбетов Балқаш қаласындағы №15 мектептің 9-сынып оқушысы. Оның «Ақылды үй» жобасы күн энергиясын пайдалануға негізделген.  Облыстың білім басқармасы басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, біздің оқушылар ғылыми шығармашылық зерттеулер бойынша республикада алдыңғы орында.

– Ғылыми-өндірістік даму заманында оқушыларымыздың жаңалыққа ұмтылғаны қуантады. Жақында ғана робототехника бойынша халықаралық форум өткіздік. Бүгінде бұл бағытта жұмыс жасайтын 35 зертхана бар. Мектеп оқушылары бұдан да басқа бағдарламаларды жасауға үлес қосуда. Мысалы, оқушылардың бастамасымен қолға алынған оқулықтар бағдарламасы өткен жылы 25 млн. теңге  көлемінде қаражат үнемдеуге мүмкіндік берді, – деді А.Аймағамбетов.

Шараға қатысқан оқушылардың барлығы сертификаттармен марапатталды. Ал, бірінші орынға ие болған он оқушы облыс атынан құрама команда ретінде маусым айында Алматы қаласында өтетін жас экологтар мен өлкетанушылардың республикалық форумына қатысады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 258
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px