Танымын тереңдетті - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Танымын тереңдетті
Наурыз мерекесіне орай, Қарағандыдағы №54 мектепте де мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты – өскелең ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту.


Білім ошағының бастауыш сынып оқушылары шуақты көктемнің шаттығын ерекше көрсете білді. Ән шырқап, би биледі. Ұлыстың Ұлы күні туралы танымдарын тереңдетіп, салт-дәстүрдің сырына үңілді.
Іс-шара барысында мерекелік дастарқан жайылып, ұл-қыздар ұлттық тағамдардан дәм татты.
Мектеп директоры Әсем Сыздықова сөз сөйлеп, мерекелік құттықтауын жеткізді. Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беріп, тарихқа көз жүгіртті.

Ләззат ИБРАЕВА,
№54 мектеп директорының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 197
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px