Тапқыр ой, тартысты ойын - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Тапқыр ой, тартысты ойын
С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында облыстың білім басқармасының қолдауымен мектеп оқушылары арасындағы І облыстық «Жайдарман» сайысы өткізілді. Тақырыбы – «Тәуелсіздік тәу етер тұғырым».

Сайысқа Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Қаражал қалаларынан, сондай-ақ, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров  аудандарынан үздік құрамалар қатысты. Өнерпаздар дайындықтарын көрсете білді. Жиналған жұртты өтімді әзілдерімен сүйсіндіріп, күлкіге қарық қылды. Сайыстың қорытындысы бойынша 3-орын Шахтинск қаласына, Осакаров пен Ұлытау ауданына, 2-орын Қарағанды қаласының №76 мектебі мен «Дарын» мектебінің «Дарынды балалар» командасына және Балқаш қаласының №9 мектебіне бұйырса, 1-орын Қаражал қаласының «Ұнамаса, қарама» командасына және Теміртау қаласының «ЭКТ» командасына бұйырды. Ал, бас жүлдені Қарағанды қаласының №58 мектеп-гимназиясының «5,8» командасы қанжығасына байлады.  Жас құрама үшін бұл жеңістің мәні аса үлкен. Сайысты «Жайдарман» ойындарының филиал директоры әрі жүргізушісі Жомарт Әбіш қорытындылады. Қарағанды облысының білім басқармасына және осы фестивальді ұйымдастырған «Сарыарқа дарыны» аймақтық-ғылыми тәжірибелік орталығына алғыс айтты.

Әсем СЕКЕРБАЕВА,
Е.Бөкетов атындағы
 ҚарМУ-дың  1 курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 348
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px