Тартымды танымдық сайыс - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Тартымды танымдық  сайыс
Біздің мектепте апта сайын танымдық сайыс өткізіліп тұрады. Ол «Таным» бағдарламасы бойынша жүзеге асады. Әр сайыс кезінде сынып жетекшіміз Айгүл Жұматаева түрлі тақырыптар бойынша қызықты мәліметтер айтады, біз топқа бөлініп тақырып бойынша өз пікірлерімізді айтамыз. Бұл жолғы сабақ Абай атамыздың өлеңдеріне арналды.
Біз сайыстың үш кезеңінде ұстазымыздың сұрақтарына жауап бердік, Абай атамыздың шығармаларынан сахналық көрініс қойып, өлеңдерін жатқа оқыдық. Айгүл Аманкелдіқызы оқушылардың тапқырлығы мен ізденімпаздығына мән береді. Сондықтан, біз сайыстың қызықты өтуіне атсалыстық. Сабақ соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Байдулатова мен бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Г.Әбдіғалиева оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.

Аяулым ӘМІРӘЛІ,
№2 Қорғасын орта мектебінің
4 сынып оқушысы.
ҰЛЫТАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 202
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px