Тестілеу нәтижесі – табысты - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Одан кейін 123 балл алған – Ұлытау ауданындағы №1 орта мектептің түлегі Жұлдыз Шынберген, Бұқар жырау ауданы Сартау орта мектебінің түлегі Айгерім Сейітова мен «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Айзере Зәрубаева. 122 балл алғандар саны – алтау. №1қазақ-түрік лицейінен Айдан Нұғыманов, №3 қазақ-түрік лицейінен Сұлтан Айтжан, Теміртау қаласының №24 орта мектебінің түлегі Елизавета Фадеева, сондай-ақ, облыс орталығындағы №86 мектептің түлегі Арайлым Сейіт және «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының түлектері Ақбота Көбен мен Самал Башан осы қатарда.

Тестілеуге қатысып, бақтарын сынаған, барлығы 4475 оқушы. Үміткер 218 түлектің 122-сі «Алтын белгісін» ақтады. Ал, үздік аттестатқа үміткер болған 97 түлектің 39-ы ғана қол жеткізе алды. Білім беру ошақтары арасында алдыңғы орында «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты – 114,7 балл, одан кейін дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты – 111 балмен көш бастап тұр.

Облыс бойынша орташа балл 81,9-ды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 балға артық. Барлық қалалармен аудандар бойынша да көрсеткіштердің өскен, сәйкесінше, орташа балдың артқаны байқалады. Шекті – 50 балды жинай алмағандардың саны да азайғанын айтады қолда бар мәліметтер. Әзірше республика бойынша көрсеткіш – 81,3 балдан асып тұрмыз. Дегенмен, тестілеу ел көлемінде әлі аяқталған жоқ. Соңғы күні – бүгін.

Облыстың білім басқармасы таратқан алдын ала мәліметтерге сәйкес тестілеу барлық пункттерде ұйымдасқан түрде өткізілді. Белгіленген тәртіпті бұзғандар, аудиториядан шығарылғандар жоқ. Сәйкесінше, ешкімнің нәтижесі жоққа шығарылмаған. Бұл, жалпы, түлектер мен мұғалімдердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 377
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px