Зерттеуден – зерделі ойға - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Зерттеуден – зерделі ойға
Біздің ел «PIRLS-2016» халық-аралық жобасына биыл алғашқы рет қатысып отыр. Жоба бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалауды жетілдіреді. Қатысушылар қатарында Қарағанды қаласындағы №48 орта мектепте бар.

Қазақстандық білім ошақтары бұған дейін де «TIMSS» және «PISA» халықаралық зерттеулеріне қатысып келді. Ал, «PIRLS-2016» жобасының негізгі мақсаты – мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау үшін салыстырмалы зерттеу жүргізу. Оған әлемнің 50-ден астам мемлекеті қатысады.
Жалпы, Қазақстан бойынша 14 облыстан 172 мектеп, 5088 оқушы, 234 мұғалім, 172 мектеп директоры және 5088 ата-ана іріктелініп алынса, Қарағанды қаласынан 5 мектеп осы зерттеуге қатысады.
Міне, 5 мектептің қатарында «№ 48 ЖББОМ» КММ бар. Білім ордасындағы төртінші сыныптар саны – төртеу. Соның арасынан 4А (сынып жетекшісі – осы жолдардың авторы), 4Г (сынып жетекшісі – Е.Зайцева) сыныптары таңдап алынды.
Қазақстандық бастауыш сынып түлектері басқа елдердегі құрдастарымен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды? Оқу сауаттылығының деңгейі, оқуға деген қызығушылығы қандай? Баланың сауаттылығын арттыруда отбасының рөлін анықтау. Бастауыш сынып мұғалімдері қолданатын оқыту әдістерінің өзге елдермен салыстырғанда ерекшелігі бар ма? Осы мәселелер аталған жоба арқылы зерделенеді.
Қазіргі уақытта оқушылармен әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, шәкірттеріміз биіктен көрінеді деген ойдамыз.

Салтанат ӨТЕМІСОВА,
№48 ЖББОМ мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 210
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px