Жарайсың, Жанкелді! - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жарайсың, Жанкелді!
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

10-12 сәуір аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында  «Ақберен» III-ші рес­пуб­ликалық байқауы өтті.
Екі күнге созылған дүбірлі додаға 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың 120-дан астам оқушыларынан құралған 18 команда бақ сынасты.
Білім бәйгесі шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы сынды 6 аталым бойынша өткен еді. Дәстүрлі додада облысымыздың намысын алты бірдей жерлесіміз қорғады. Солардың арасынан Ә.Бөкейханов атындағы №76 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы, Күміс Қамарияқызының шәкірті Жанкелді Тоқтамұратов «Шешендік өнер» аталымы бойынша жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Сонымен бірге, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін оқуға білім грантын қанжығалап қайтты.
Жанкелді Тоқтамұратов бұған дейін Атырау қаласында өткен «Махамбет оқуларында»,  «Әлихан – Тәуелсіздік жаршысы» атты мектеп оқушылары арасындағы мүшәйрада бас жүлдені иеленген еді. Кезекті белесті бағындырып, келесі шыңға қол созған жерлесіміздің мұраты – журналист болу екен. Арманы орындалып, жеңісі құтты болғай!

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 159
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px