Жауапкершілік жүгі – ортақ - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жауапкершілік жүгі – ортақ
Жақында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Оқушы, мектеп, ата-ана ынтымақтастығы» тақырыбымен Ашық есік күні өтті. Шараға қатысқан ата-аналар  ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысып, оқу үрдісінің жаңашылдығына куә болып, ұстаздардың сабақ өткізу әдістерімен танысты,
Ашық есік күні аясында «Театр», «Спорт»,  «Ғылым» және «Интеллектуалдық сайыстар» мерекелері оқушылардың шығармашылық көр­месі өткізілді. Отанын, туған елін айрықша сүйетін біздің мектеп оқушылары адамзат тарихына, халық шежіресіне терең мән береді. Ата-аналар тарих пәнінің мұғалімі Қ.Смағұлованың оқушылармен бірлесіп дайындаған тарихи сыр шертетін сахналық көріністерін тамашалады. Жас таланттарымыз әуелетіп ән салып, би билеп, кештің көрігін қыздыра түсті. Балаларының өнерін тамашалаған ата-аналар мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.
Мектеп – халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін жас жеткіншектер бойына сіңіретін орта. Ендеше ұлт қажетіне жараған білім ғана ең мықты, рухани тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана ел болашағын нығайтушы ұрпақ. Оқушының көкірек көзін ояту – ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғамның ықпал-әсерінен қалыптасатын жауапты міндеттің ең бастысы. Бұл жауапкершілікті терең сезінген ата-аналарымызға алғыс айтамыз.
Б.КӨШЕРБАЕВА,
Жамбыл атындағы мектеп-интернатының                                                                                                           тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 159
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px