Жетістіктер – мақтаныш - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жетістіктер – мақтаныш
Бүгінгі таңда қазақстандық оқушыларға ғылым мен білім көкжиегіне шығу мүмкіндігі өте жоғары. Қарағанды қазақ-түрік лицейінің оқушылары әлемнің түкпір-түкпіріне барып, білім асуларын бағындырып келеді. Сондай бір жетістікке Кореяда өткен «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми жобасына математика пәні бойынша барған Нұрсұлтан Бексұлтанұлы  қол жеткізіп, қола медаль иеленді.
Химия пәні бойынша Ресейдің және еліміздің ең мықты деген 66 қатысушысы бақ сынаған халықаралық А.Бектұров олимпиадасына (Павлодар қаласында) қатысқан лицей оқушылары да құралақан келмеді. Қарағанды облысының абыройын қорғап, жүлделі орындармен оралды. 11 сынып оқушысы Мұрат Тиышқұл алтын медаль, Нұрсұлтан Алтаев  қола медаль еншіледі.
Алматы қаласында өткен информатика пәні бойынша халықаралық «INFOMATRIX» сайысына лицейіміздің 11 сынып оқушылары қатысты. Роботикс категориясы бойынша Әділ Шакаев пен Айбек Шакентаев – Бас бәйге, Дарын Тұрсын,  Данияр Бейсенов– күміс медаль, Жахангер Қажыев, Руслан Ерғанатов – күміс медаль, Рамазан Дүйсенбай, Айбар Қасқатай – қола медаль, Мадияр Едрисов, Диас Досжан – қола медаль,  қысқа бейнефильм категориясынан Ернұр Башпай, Айбек Абенов – күміс медаль иегерлері болып келді. Жыл сайын өтетін бұл сайыста биыл біздің оқушылар жылдағыдан да көп жүлдеге ие болғанымен мақтанамыз.
Ақсәуле Шамурадова,
№1 Қарағанды қазақ-түрік лицейінің мұғалімі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 159
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px