«Агроқаланың» ауылы жақын - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қатысуымен Қарағанды облысы әкімдігі, Польша-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіптік палатасы және Жалпыпольшалық Шаруашылық Палатасы Шығыс Ынтымақтастық Комитеті арасындағы үшжақты меморандумға қол қойылды. Құжат «Агроқала» Инвестициялық паркі» жобасын жүзеге асыру мәселелерін қамтиды.

Соңғы уақытта Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тарту мәселелері кең ауқым алды. Осы мақсаттағы жұмыстарда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ықпалы зор.

Қазақстанда «Агроқалашық» салу туралы Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясы отырысында, Варшавада, 2016 жылдың сәуір айында бастама көтерілген болатын.

Жобаның мақсаты – жергілікті жерде ауыл шаруашылығын дамыту, өнімді сақтау, қайта өңдеу жұмысын жандандыру. Сондай-ақ, польшалық инвесторларды тарту мен технологияларды қолдану.

Кешенді бағдарламаның алғашқы сатысында жеміс-жидек өсіретін жылыжай құрылысын салу, ашық плантацияны, өнім өңдеу өндірісін және сақтау орындары мен мұздатқыштарды іске қосу көзделіп отыр. Жобаның бұл сатысының құны 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

Бұған қоса, польшалық әріптестер Польша және Қарағандының білім беру мекемелерінде ғылыми-білім беру орталығын құру арқылы кәсіпорындар құрылысына қажетті мамандар даярлау ісін қолға алады.

 

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 720
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px