Алты жоба қолдау көрді - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы есебінен біздің облыста 6 инвестициялық жоба қолдау көрді. Бұл жобалар денсаулық сақтау, сауықтыру және сауда-саттық саласындағы қзыметтерді жүзеге асыруға бағытталған.

Сондай-ақ, жаңа жобалар арқылы 43 жаңа жұмыс орны ашылып, 120 жұмыс орнын сақтап қалу көзделіп отыр.

Жиында start-up жоба да мақұлданды. Ол – Теміртау қаласындағы «Б&Алма арасан» қоғамдық моншасының құрылысы. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң теміртаулық тұрғындардың игілігіне сапалы монша қызметі, дәмхана қызметі жол тартады. Сыйымдылығы – тәулігіне 110 адам.

Мемлекет тарапынан тө­ленетін несиені 10 % көлемінде субсидиялау ұсынылады.

Бұған қоса, кеңес отырысында Қарағанды қаласында аллергологиялық орталық ашуға бағытталған жоба мақұлданды. Жобаның жалпы құны – 360,9 млн. теңге.

Облыста алғаш рет ашылатын мұндай орталық аллер­гологиялық зерттеулер қызметін көрсетеді. Жалпы, диагностика аллергологиялық аурулардың 14-тен астам түрін емдеу мен анықтауға мүмкіндік береді.

Жоба жүзеге асса, 18 жаңа жұмыс орны ашылады.

Денсаулық сақтау саласындағы тағы бір жоба несие үстемақысын субсидиялау түріндегі қолдауға ие болды. Бұл – «ЭСТЕЛЬ» пластикалық және қайта түзеу хирургиясының емханасы. Компания несиеге алған қаражаты арқылы медициналық құрал-жабдықтар сатып алған. Ол медициналық қызметтің ауқымы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыс аясындағы медициналық қызметтің жеңілдетілген түрлерін ұсынуға да жол ашады.

2013 жылы компания «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы арқылы көмек алған. Нәтижесінде, емхананың барлық талаптарға сай жаңа ғимараты бой көтерді.

Кеңес жиынында тауық жұмырт­қасын өндіру, тасты өңдеу, құрылыс материалдарының саудасы сияқты салалар кәсіпорындарының да мәселелері қаралды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2472
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px