Өңірде өндіріс қуаты - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Өңірде өндіріс қуаты
Қызғалдақ Айтжанова,
«Орталық Қазақстан»

Елорданың іргесінде тұрған кеншілер аймағының әлеуеті мықты екені айтылудан кенде емес. Әсіреқызыл сөз емес. Мәселенің мәнісіне үңілсек, шындықтың ауылынан шалғай жатқан жоқ. Өндірісті өңірдің жерасты қазына байлығын айтпағанның өзінде,  бұл күні бөтен ел бұйымтайын айтып келетіндей – құрылыс индустриясы   
бөлек тақырып.

Цемент – құрылыстың өзегі болса, Теміртау қаласындағы Ақтау кенті  мәйегі болып тұр. Кенттен шыққан өнім  қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпіріне жол тартуда. «Қарағанды цемент» АҚ-ның жаңа технологияларды  өндіріске енгізуі құрылыстың сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндігі мол.  
Бұдан бірер жыл бұрын зауыт «№ 5 технологиялық желі бойынша құрғақ әдіспен цемент өндіруді іске қосу» жобасын жүзеге асырды. Бұл жобаның   қуаттылығы 1,2 млн. тоннаны құрайды. Жобаның мақсаты – аймақтағы және елдегі цемент өндірісін ұлғайту. Жоба 2008 жылдан бастап қолға алынған. Желі іске қосылғанда,  90 жұмыс орны ашылған-тын.
Зауыт басшылығының айтуынша, әлемде цемент өндірісінде дымқыл жолмен өнім алу технологиясы жойылған. Оның орнына құрғақ тәсіл қолданылады. Сондай тәсілмен алынған өнім арқасында электр қуаты үнемделеді. Ауаға қалдықтар шығару кемитін көрінеді. Алдағы  жылы зауыттың цемент өндірісіндегі үлесі 2 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде. Жалпы соңғы екі жылда зауыт еліміз бойынша өнім шығаруда ірі кәсіпорындар қатарынан табылып отырғанын атап өткен жөн. Жобаның құны – 12 млрд. 300 млн. теңге. Сонымен қатар,  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша мемлекеттік қолдау тапқан жоба. Зауытта 10 цех бар.
Цемент шикізатының аса бай қорлары, сондай-ақ, елдің бірнеше зауытында енгізіліп жатқан цемент өндірісінің жаңа технологиялары цемент саласын айтарлықтай дамытуға мүмкіндік береді. Сол арқылы елге цемент импортын қысқартып қана қоймай, тасымалдауға ыңғайлы цемент клинкерінің экспортын реттейді деп біледі мамандар.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің есептеуінше, пайдалануға енгізілетін цемент өндірісі жөніндегі қуат мүмкіндігі елдің барлық ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, жылына 3 млн. тонна цемент пен цемент клинкерін экспортқа шығару үшін жеткілікті болады. Сонымен қатар, министрлік цемент өндірісін елдің орталық және шығыс бөлігінде ұйымдастыру неғұрлым тиімді екенін көрсеткен болатын.
Теміртау қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 181
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px