ӨНДІРІС – ӨҢІРДІҢ КҮРЕТАМЫРЫ - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Аймақ басшысы көрмеге қатысушыларды құттықтап, жеміс тіледі.

– Біздің өңір тау-кен саласы, металлургиялық жаб­дықтар, автоматтандыру жә­не еңбек қауіпсіздігі, минералды шикізаттарды өңдеу негізінде заманауи технологияларды жетілдіру және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге бағытталған әріптестікті дамытуға бірнеше жыл қатарынан ұйытқы болуда.

Бұрынғы көрмелер сияқты, бұл көрме де отандық және шетелдік компаниялардың іскерлік өмірінде маңызды орын аларына сенімдімін. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – нұрлы болашақ» Жолдауындағы міндеттерді іске асыруымызға септігін тигізеді, – деді Нұрмұхамбет Қанапияұлы.

«Mininq Week Kaz­akhstan-2016” деп аталатын көрме тау-кен металлургиялық кешені­нің технологиялары, қондырғылары және жер қой­науын тиімді пайдалану мәсе­лелерін қаузады.

Алғашында, 2004 жылы мұндай көрме «MinTek Kazakhstan» атауымен өткізіл­ген. Нәтижесінде, өндіріс саласындағы ірі кәсіпорындардың өзара байланысы нығая түскен. Оған көрменің тақырыбы мен Қарағанды қаласында өткізілуі де септігін тигізді.

Көрменің мақсаты – әлемнің түрлі елдерінен келген кен өндіруші және металлургиялық өнеркәсіп мамандарының тәжірибе алмасуына, жаңа технологиялармен танысуына жә­не бірлескен бизнес-жобалар құруына ықпал ету.

Көрме бірнеше бөлімдерден құралған. Кен өндіруші технологиялар және қондырғылар, геологиялық зерттеулер технологиялары, металлургияға арналған технологиялар мен қондырғылар, пайдалы қазбаларды байыту, көмір мен минералды шикізатты өңдеу технологиялары және басқа да бөлімдер көрменің мазмұнын аша түскен.

Жалпы, көрмеге әлемнің 11 елінен 86 компания өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 795
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px