Өндіріс пен ғылым – өмір өзегі - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған академик Әбілқас Сағынов оқулары аймақ өндірісі мен өнеркәсібінің дамуына ғана емес, осы саланың күллі республика көлемінде өркендеуіне жол ашып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Мұнда техника саласының ғалымдары мен республиканың түпкір-түпкіріндегі ірі өндіріс ошақтарының басшылары баяндама жасап, мәселенің мән-жайын кеңесті. Осыған орай оқу орны мен өндіріс орындары арасында тығыз байланыс орнайды. Білім ордасы түлектерін өндіріс, өнеркәсіп орындарына бағыттайды. Бұл – бірінші жетістігі. Екінші жетістігі – осы жолы бір Ресейдің өзінен отызға жуық ғалым келіп, тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Мәселен, биылғы конференцияға Қазақстаннан, таяу және алыс шетелдерден 58 ғылыми жоба, білім беру және өнеркәсіп ұйымдардан 420-дан астам баяндама келіп түскен.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған конференцияны жүргізген Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Аристотель Исағұлов оқу орнының биылғы түлектерінің 98 пайызы әртүрлі өндіріс ошақтары мен өнеркәсіптерге жөнелтілгенін айтады. Республика индустриялық-инновациялық дамуының мәселелері мен тетіктерін талқылап, шешілу жолдарын қарастыратын конференцияның пленарлық отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ, Қарағанды облыстық әкімдігінің өкілдері мәлімдеме жасады. Бұдан бөлек, техника саласының ғалымдарымен қатар, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Э.Огай, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калон, «ТОТАL&P Kazakhstan» компаниясының директоры Брендан МакМэхон, «ERSAL Caspian Constractor LLC» компаниясының бас директоры Алессандро Кастанья, Томск политехникалық университетінің ректоры П.Чубик, «Борусан Макина Казахстан» ЖШС Қарағанды филиалының басшысы Эфер Апайдын, «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті Б.Мұхаметқалиев, «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Т.Ақбаев, «Жәйрем КБК» АҚ Президенті А.Бурковский, Қарағанды облысының кәсіпкерлері Палатасының директоры М.Божбанов, «Караганданеруда» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Дедуренко, Қарағанды «Қазақтелеком» АҚ ОТД бас директоры Б.Аманов және Қазақстан мен Ресейдің басқа да өнеркәсіп ұйымдары мен ғылыми орталықтарының басшылары баяндамалар жасады.

ҚарМТУ-дың жетекші ғалымдарының басшылығымен конференцияның дөңгелек үстелдері мен секциялары сан алуан тақырыптар бойынша жүргізілді. Онда «МИИДБ-2» жобаларын іске асыру үшін кадрлар даярлаудың көкейкесті мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, «Синергия» халықаралық ғылыми білім беру жобасының 10 жылдығы да атаусыз қалмады. Мәселен, секциялық отырыстар мен дөңгелек үстелдерде мынадай мәселелер қаралды. «МИИДБ-2» іске асыру мақсатында жоғары кәсіптік білім беру, «Болашақ энергетикасы – ЭКСПО-2017 инновациялық тренді», «Инновациялық Smart және компьютерлік инжиниринг технологиялары», «STEM және педагогикалық ғылымдар», «Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Тау-кен саласын дамытудың проблемалары мен перспективалары», «Машина жасаудағы ресурс үнемдеуші технологиялар», «Металлургиядағы инновациялар», «Жаңа материалдар мен технологиялар», «Құрылыс пен ТКШ жаңғырту», «Көлікті инновациялық дамыту», «Кәсіпкерлік қоғамның инновациялық дамуының факторлары», «Химия-биологиялық ғылымдар» сияқты бүгінгі һәм болашақтағы дамудың басты тетіктеріне айналып отырған тақырыптар талқыланды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 634
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px