Шағын кәсіпкерлік ширап келеді - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Шағын кәсіпкерлік ширап келеді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Қарағанды облысының статистика департаменті 2015 жылғы IV тоқсанда облыстағы шағын кәсіпкерлікпен кәсіпорын қызметкерлерінің саны, орташа есеппен алғанда, 68240 адамды құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға арта түскенін хабарлайды.
Аталған салада жұмыспен қамтыл­ғандардың басым дені көтерме және бөлшек сау­дада, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында шоғырланған (27,7 пайыз), құрылыста – 17,9 пайыз, ал, өнеркәсіпте – 16,6 пайыз.
Есепті кезеңде олардың орташа айлық еңбекақы көлемі 78629 теңгені құрап, 2014 жылдың салыстырмалы кезеңіне шаққанда 2,4 пайызға өсе түскен.
Шағын кәсіпорындардың өнім өндіру және өткізуге қатысты шығыстары 245946,8 млн. теңгені құраған. Оның ішінде, 16,3 пайызы материалдық шығындар, 6 пайызы – қызметкерлердің жалақы қоры, 1,5 пайызы – өтем қаражаты, ал, 76,2 пайызы – басқа да шығындар (шығысқа жатқызылатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдер, қызметтік іссапар шығындары, банк қарызы бойынша сыйақылар).
Сонымен қатар, облыс аумағын­дағы шағын кәсіп­орындардың жалпы қорының сомасы 2015 жылғы 1 қаңтарда 147,5 млрд. теңгені құрады. Таратып айтсақ, тауарлар үлесі – 62,5 пайыз, ал, шикізат пен материалдар үлесі 19 пайыздық деңгейде. Осы ретте аяқталмаған өндіріс көлемі – 5,4 пайыз, дайын өнімдер – 7,1 пайыз, өзге де қорлар – 5,4 пайыз, сондай-ақ, қайта сатуға арналған мүлік – 0,6 пайызды құраған.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 345
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px