Тың жобада толас жоқ - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Тың жобада толас жоқ
Екінші бесжылдыққа аяқ басқан жаңа индустриаландыру өндірістердің тынысын ашады деген болжам бекер емес. Еліміз бойынша бұл бағдарламада қара үзген Қарағандының Индустриаландыру картасында 95 жоба бар. Жобалардың құны - 1,3 трл.теңге. Сонымен қатар, аталған жобалар 11 мың жаңа жұмыс орнын ұсынады. Бүгінгі таңда Индустрияландыру картасындағы 70 жоба іске қосылып, одан 5290 адам нәпақысын айырып отыр. Елге несібе болған бағдарлама осынысымен құнды.
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Өндірісті өлкенің ырысын еселеуші жобалардың жалпы сомасы – 142,8 млрд. теңге. Жобалар іске қосылғаннан бері  олар 333,4 млрд.теңгенің өнімін өндірді.  Соның ішінде, биылғы жылдың үлесінде 42,3 млрд.теңге бар. Олардың облыс  өнер­кә­сібіндегі үлесі – 7,6 пайыз. Ал, өңдеуші кәсіпорындарда – 8,4 пайыз.
2015-2019 жылдарға арналған үде­мелі индустриялды-инновациялық дамыту бағдарламасының аясында ай­мақта 37 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Оған құйылған инвестиция көлемі – 1,2 трлн. теңге. Бұл жобалар ісе асқанда 6,6 мың жұмыс орны ашылады.
Облыстың өнеркәсіп және индустриялды-инновациялық даму бас­қармасының дерегінше, биыл Индустрияландыру картасындағы 10 жобаны іске қосу межеленген. Оның сомасы – 100,7 млрд. теңге. Бұл 10 жобаның тұсауы кесілгенде 800 жұмыс орны пайда болады деп күтілуде.
Қазір 3 жоба жұмысын бастады. Бұқар жырау ауданында электр қуаты өндірісіндегі биоқалдықтарды өңдеу өндірісі, Қарағанды қаласындағы «Қарағанды-Нан» Корпорациясы» ЖШС-нің өндірісті жаңғырту және кеңейту  жобасы. Тағы бір жоба Қарағандыдан. Ол – 3 жылу электр орталығының үшінші кезегін кеңейту. Жыл соңына дейін 67,8 млрд. теңгенің 7 жобасы  іске қосылмақшы. Бұлар жұмысқа кіріскенде қосымша 701 жұмыс орны қамтамасыз етіледі.
Негізі 2015 жылы жүйеқұраушы кәсіпорындардағы қазақстандық мазмұн 70,1 пайызды құрайды. Онда көрсетілген қызметтер мен тауарлардың  мөлшері 234,9 млрд. теңгеге жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артық.
Жалпы, құзырлы орындардың деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың 4 айындағы өнеркәсіптік көрсеткіштердегі өнім көлемінің өсуі  556,2 млрд. теңге. Тау-кен саласында және кен орындарын барлаудың индексі – 98,6 пайыз. Сөйтіп, өңдеуші кәсіп­орындағы өндірістің көлемі 431,2 млрд. теңгені құраған.
Ел қазынасын еселеуші аймақтың маңдай алды өндіріс орындары мұнымен  тоқтап  қалмайды деген сенім де жоқ емес.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 308
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px