Тынысы кеңейген кремний зауыты - Өңдіріс - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Тынысы кеңейген  кремний зауыты
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Қарағандыдағы кремний зауытының басынан дау арылып, түтіні түзу ұша бастағалы бірер жыл. Әлем алақан жаймаса да, алуға ұмсынып, ықылас танытқан бұл химиялық элементті өндірудің пайдасы зор. Ғалымдар дамушы мемлекеттер кремнийді негізінен металл қоспалары үшін қолданса, дамыған елдерде оны күн сәулесінен қуат алатын жабдықтарына жарататынын айтады. Түсінікті тілмен айтқанда, кремний микроэлектроникаға, оптикалық талшықтарға қажет шыны жасайтын материал. Сондай-ақ, металлургияға және  қажет. Оның нарықтағы бүгінгі құны тоннасына 1450 доллар көлемінде екен. Демек,  Қарағандыдағы «Тау-кен Темір» кремний зауытының келешегінен зор үміт күтуге болатын сияқты.

Зауыт басшылығы бұған дейін баспасөз мәслихатында зауыттың өндірістік көрсеткіштері тұрақты екенін мәлімдеген болатын. Алайда, зауытта біршама кедергілер орын алған. Соған қарамастан, қазіргі таңда зауытта жұмыс ырғағы ойдағыдай.
Зауыттың басқарма төрағасы М.Жүкенов «2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде өндіріс пен баға ұсыныстары бойынша   құлдырау болды. Бұл жағдай  барша металлургиялық салада байқалды. Мысалы, 2014 жылдың қыркүйегінде әлемдік нарықта біздің кәсіпорын шығаратын маркалар бойынша техникалық кремний бағасы тоннасына 3 мың долларға жуық болды. Бүгінде металлургиялық кремний құны тоннасына 1450 доллар шамасында. Екі жыл мұғдарында баға 2 есеге төмендеді. Біз өндірістік үдерістерді оңтайландыруға қатысты шараларды қабылдауға мәжбүр болдық»,– дейді. Сондай-ақ, зауыттың өңірдегі ірі арнайы экономикалық аймақ ретінде танылған  «Сарыарқа» құрамына кіргізуге қатысты шаралар да жүргізілген.
Бұл атқарылған іс нәтижесіз емес. Деректерге сүйенсек, өндірісті  ілгерілету үшін қолға алынған қадамдардың арқасында  теңгелік эквивалентте өзіндік құнын 10 пайызға,  долларлық тұрғыда 2 есеге жуық төмендетуге мүмкін болған көрінеді. Ал, қазіргі таңда компанияның өндірістік көрсеткіштері бір қалыпты. Тіпті, өсім де байқалып отыр.
«Тау-Кен Темір» ЖШС – 100 пайыздық үлеспен «Тау-Кен Самұрықтың» еншілес ұйымы. Зауыт – Қазақстанда техникалық кремний өндіретін жалғыз өндіріс. Кәсіп­орынның қуаты жылына 23 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өнім шетелге экспортталуда.  Негізгі сұраныс –  АҚШ, Еуропа елдерінен екен.
Д Е Р Е К
Кеңес одағы кезінде кремний зауыттарына шикізат Қа­зақ­станнан алынған. Шикізаттың кен орындары Қазақстанда мол. Ол – Орталық Қазақстан, Жезқазған ай­­мағы, Шығыста, Талдықорған маңайы, Алматы облысы, Өс­кемен өңірі.

 

 

 

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 337
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px