Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

Полиэтилен мұнай мен газдың қалдықтарынан жасалады. Әлемдегі полиэтилен өндіретін барлық зауыттардың қажетіне жылына 100 млн. баррель көмірсутегі жұмсалады екен. Аталған көлемдегі мұнайды өндіру кезінде мыңдаған тонна метан мен көміртегі ауаға тарайды. Салыстырар болсақ, көрсеткіш 100 млн. автокөліктен шыққан түтінмен шамалас. Және тағы бір түйткіл – полиэтиленнің шіруі қиын. Қапшықтар ғасырдан астам уақыт шірімей жата алады. Қарапайым мысал, сіз пайдаланған қапшық сіздің шөбере-шөпшектеріңіздің кәдесіне жарап кетуі ғажап емес.

Пластик бұйымдар өткен ғасырдың ортасынан бері тұрмысқа енді. Полиэтилен қапшықтардың да белсенді қолданыла бастағанына елу жылдың жүзі болыпты. Осы уақыт ішінде қанша тонна қапшық қоқысқа тасталғанын есептеп көріңіз...

Соңғы кезде әлемнің өркениетті елдері полиэтиленнен бас тарта бастады. Сауда орындарында тауарды қағаз қапшыққа салып береді. Анау бір жылдары бізде де бірлі-жарымды сауда орталықтары осы бастамаға үн қосқан еді. Лезде бас тартты. Қағаз қапшық полиэтилен пакеттен 3-4 есе қымбат тұрады екен. Себебі, қағаз жасалатын ағаштың өзіндік құны жоғары. Сондықтан, «бұл шешім емес» деп ұйғарды мамандар. Қоқыспен күресудің жалғыз тиімді тәсілі – қайта өңдеу болып танылуда.

Алайда, қапшықтарды қайта өңдеу ісі жолға қойылмаған десек, болады. Алғашқы қапшықты өндірген АҚШ-тың өзінде екі-ақ пайыз өнім қайта өңдеуден өтеді екен. Пакет жасаудан қара үзіп жүрген Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Ресей мен Қытай аталған мәселеге кейінгі кезде назар аудара бастады. Қазақстанда да бірді-екілі компаниялардың қарекетімен үлкенді-кішілі жобалар қолға алынуда. Алып кешен тұрғызып, шаруаның басын қайырып тастамаса да, қалталы кәсіпкерлер кішігірім кәсіпорын ашып, титімдей үлес қосуда.

Қарағанды облысында қатты тұрмыс қалдықтарын өңдейтін зауыт жоқ. Кейінгі жылдары Қарағанды және серіктес қалалардың қоқысын жинап, іске жарататын зауыт құрылысы бірнеше мәрте көтерілді. Әзірге, бастамашыл топтың іс-әрекеті іске асар емес. Әкімдік тарапынан 200 мың тонна қоқысты өңдейтін зауыт құрылысы қарастырылып жатыр бүгінде. Қысқасы – қайта өңдеу кешені тоқырап тұр.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 502
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px