Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Қала бюджеті 359 млрд. тең­гені құраған. Атап айтқанда, қа­ла қазынасының 64 пайызын ша­ғын және орта бизнес қамта­масыз етуде. Бұл салада ең­бек­ке жарамды әрбір үшінші ал­матылық жұмыс істейді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1,3 трлн. көлемінде салық жина­лады деп болжануда. Ал, жыл басынан бе­рі Алматыда 17,5 мың жұмыс ор­ны құрылыпты. «Біз биыл 18 мың жұмыс орнын ашу мақсатын қойдық, сондай-ақ, бұл көрсеткішке міндетті түр­де қол жеткізіледі», – деді әкім. Алматыда экономикалық бел­сенді тұрғындарға шаққанда жұ­мыссыздар ретінде тір­кел­ген­дердің үлесі 0,2 пайызды қам­тиды екен.

«Алматы базарларын тәртіпке келтіруге есімі республикаға та­нымал тұлғалар кедергі кел­ті­руде» деп мәлімдеді әкім. «Бұл алаң­дарды бөліп, барлығы үшін ақша алған директор бар. Осын­да, Астанада тұратын құ­рыл­тайшылар бар. Егер олар БАҚ арқылы арандатушылық әре­кет­терін тоқтатпайтын бол­са, он­да аты-жөндерін жа­рия ете­тін­дігімді мәлімдегім ке­леді», – деді ол. Кедергілерге қа­­ра­мастан базарларда тәртіп ор­на­ту жұмыстары аяғына де­йін жүр­гізілетіндігіне сендірді А.Есімов.

Сонымен қатар, Алматыға кі­ре беріс жолдарда 4 автобекет са­лынатын көрінеді. Әкімнің ай­туынша, бүгінде Алматы үшін ең басты мәселе – экология. Сон­­дықтан да, қалада жүзеге асы­­рылатын барлық жобалар эко­­логиялық сараптамадан өт­кі­зілуде. Дегенмен, зиянды шы­ғарындылардың 82 пайызы кө­ліктер үлесінде екенін де жа­сыр­мады ол.

 Деректерге үңілсек, Алматыда 520 мың автокөлік  тіркелген. Қа­лаға күн сайын 200-ден 300 мыңға дейін көлік келеді. «Біздің қала көшелерінде 700-800 мың көлік жүр деген сөз. Сондықтан да біз, ең алдымен жанармай са­пасын тексере бастадық. Екін­шіден, осы жылы қалаға кіре­берістерде пайдаланылған газ шығарындыларының стандартқа сәйкестігіне машиналарды тек­серу үшін 13 экобекет орнаттық. Қазірдің өзінде 30 мыңнан астам машинаға айыппұл салынып, бұл өзінің белгілі бір тиімділігін көрсетуде», – деді Алматының әкі­мі.

Сонымен қатар, А.Есімов өз сөзінде 5 мың көлікке арналған тұ­рақтары бар 4 автобекетті қа­ла кіре берістерінде салу үшін жо­балық-сметалық құжаттама да­йындалып жатқандығын айт­ты.

Алла қаласа, келесі жы­­лы Алматы метросында та­ғы да екі метро стансасы іс­ке қосылады екен.  «Метро 2 жыл бұрын іске қосылды. Жо­лаушылар саны күн санап артып келеді. Қазір күн сайын 24 мың жолаушы тасымалданады. Би­ыл­ғы 9 ай ішінде 4,8 млн. жо­лаушы тасымалданды. Бұл өт­­кен жылдан 18%-ға артық. Адам­дар метроға үйреніп қал­ды. Келесі жылы тағы екі стан­са іске қосылғанда, оның жүк­темесі азаяды. Айтпақшы, қа­зір «Мәскеу» және «Сайран» стансалары арасындағы тон­нель қосылуда. Келесі жылы жаз­да тағы да екі стансаны пай­далануға береміз, олар қаланың жатын аудандарын орталықпен жалғастыратын болады», – деді қала әкімі.

Сонымен бірге,  «Алатау ин­новациялық технологиялар пар­­кі» арнайы индустриялық аума­ғында қолға алынып жатқан ғы­лыми жобаларға тоқталып өтті мегополис әкімі.

Әкімнің айтуынша,  энергия үнемдеу жөніндегі бағдарлама бар. «Жақында мен«Alatau IT City ин­новациялық технологиялар пар­кі» арнайы индустриялық ау­мағында болып, осы бағдарлама бойынша әзірленіп жатқан жо­балармен таныстым. Алматы қа­­ласы еліміздің ғылыми ор­та­лығы болып табылады – елі­міз­дегі ғылыми жобалардың 47 пайызы біздің қаламызда іске асырылған. Дегенмен, біз үшін жобалардың саны емес, олар­дың тәжірибеге асырылуы өте маңызды. Әлемдік қаржы дағ­да­рысы өршіп тұрған кезде, жұрт­шылық жай ғылыми жаңалық емес, тәжірибелік пайдасы мол жаңалық ашуға тырысуда. Сон­дықтан да, мен біздің Жас­тар саясаты басқармасына Жас­тар­дың қоғамдық қозға­лысы бел­сенділерімен бірле­сіп, қол­данысқа енгізуге бо­ла­тын 5 жо­баны іріктеуді сұ­ра­дым. «Alatau IT City инно­вациялық технологиялар пар­кі» арнайы экономикалық аума­ғында әзір­ленген осындай жоба­лар­дың бірі – энергияны көп үнем­деуге мүмкіндік беретін кө­шелер мен орын-жайларды жа­рықтандырудың жаңа жо­басы. Медеу ауданына көшелердің бі­рінде және бірқатар мемлекеттік мекемеде осы жобаны сынақтан өткізу ту­ралы тапсырма бердім. Бағ­дарлама тек жарыққа, электр қуатын үнемдеуге ғана емес, тұр­ғын үйлерді жылыту, энер­гия үнем­деуші шыныларды қол­дануға қатысты», – деді А. Есімов.

Алматының дамуы туралы баяндаған әкім сондай-ақ,  әдет­тегідей БАҚ өкілдерінің сұрақ­тарына жауап берді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,

 

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 717
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px