Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019


Қазақстандағы табиғи өрттердің не­гізгі түрлері жасыл желектің – ор­манның, орманды даланың және да­ланың (алқаптың) өртенуі.

Өрт – аса қауіпті тілсіз жау, ол эко­но­микаға үлкен материалдық шы­ғын келтіріп, адамдардың өміріне қа­уіп төндіреді. Өрт жаздың қатты ыс­тығында, ұзақ уақыт жауын жаумай, құр­ғақшылық болған кезде жиілеп, орманды және дала алқабының өр­тенуіне шөптің өздігінен жануы бас­ты себеп болады. Мұндай өрттің да­ми түсуіне күшті жел тіпті әсер ете­ді. Орман өртінің 80 пайызға жуы­ғы тұрғындар еңбек етіп жатқан не­месе дем алып жатқан жерлерінде от қауіпсіздігін сақтамауынан, сол сияқ­ты орманда ақаулы техниканы пай­даланудан болады. Кейде күн күркіреген кезде жай түсуден де орман жиі өртенеді. Өрт өзінің сипатына қарай төмендегі және жоғарыдағы болып бөлінеді. Жалпы өрттің 90 пайызы төменде болады. Мұндай жағдайда от тек топырақтың үстіңгі қабатында ғана болып, өсіп тұрған шөп, ағаштың жер бетіндегі тамыры жанады.

Жоғарыдағы шашыранды өрт қат­ты жел соққанда басталып, от ағаш­тың діңі арқылы бұтақтан бұтаққа «се­кіре» береді. Жел ұшқынды, жанған бұ­тақ пен жапырақты жан-жаққа шашы­ратып, оншақты, кейде жүз шақты метр­ден соң басқа жану ошағын туын­датады. Кейде жалын сағатына 15-20 км жылдамдықпен жылжиды.

Баяу жанған және орташа өрт­тердің шетін ұрып отырып сөндіру ең қарапайым және сонымен қоса, тиімді әдістің бірі. Ол үшін ұзындығы 1,2 м бұтақ немесе шағын ағаш, көбіне жапырақты ағаштар пайдаланылады. Екі-үш адамнан тұратын топ қатар тұрып, 1000 м дейінгі алқаптағы өртті соққылап отырып 40-50 минутта өшіре алады.

Соққылап өшіруден нәтиже шық­па­са, онда өрттің шетіне қарай бос то­пырақ шашқан жөн. Бұларды техни­камен атқарса, тіпті жақсы. От одан әрі тарамас үшін оның жолына жыртылған жолақ және кең арық тартады. Одан әрі жанатын ештеңе жоқ болса, жалын осындай бөгеттерге келгенде тоқтайды.

Кейде өрттің ауылға немесе басқа да елді мекендерге тақап келетін сәттері де болады. Мұндайда ең бастысы – тұрғындардың негізгі бөлегін, әсіресе, балаларды, қарттар мен әйелдерді көшіру қажет. Адамдарды шығару, жаяу болсын, көлікпен болсын оттың жа­йылу бағытына перпендикуляр жүр­гізіледі. Тек жолмен ғана емес, өзендер мен жылғалардың бойымен де қозғалуға болады, кейде суды жалдай отырып жылжуға да тура келеді. Ауыз бен мұрынды ылғалды мақта-дәке таң­ғышпен, орамалмен, жаулықпен кө­легейлеп алған дұрыс. Құжаттарды, ақ­ша мен аса қажет заттарды алуды да ұмытпаңыз.

Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді ая­май­ды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.

Г.ГОРШЕНЕВА,

ТЖД Теміртау қаласы өртті бақылау бөлімінің аға инспекторы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2438
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px