Экология – өзекті мәселе - Экология - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Экология – өзекті мәселе
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жақында Қарағанды қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 облыстық мектеп-интернатында оқушылардың экологиялық таным-өресін кеңейту, табиғатты аялауға қалыптастыру мақсатын көздеген «Қарағанды қаласының экологиялық проблемалары» тақырыбындағы конференция өтті.


Бүгінгі қоғам үшін аса маңызды мәселені қаузаған іс-шарада күн тәртібіне сай терең мазмұнды әңгіме қозғалды. Тақырып аясындағы өзекті жайттың қыры мен сырын тарқатушылар қатарында мектеп-интернаттың пән мұғалімдерінен тысқары, арнайы шақырылған қонақтар – салалық бағыттағы мемлекеттік мекемелер мен осы мәселені зерделеп жүрген ұйымдардың өкілдері болды. Сонымен қатар, 6 «А» сыныбының оқушылары «Біз – таза ауаның жақтастарымыз» жобасының таныстырылымын өткізді.
Басқосудың басты тиімділігінің бірі – оқушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша сала мамандарына сауалдар қойып, оған тұщымды жауаптар алу мүмкіндігін иеленді. Сол арқылы олардың тақырыпты тануы мен бағамдау деңгейі арта түскені анық.
Түптеп келгенде, экологиялық мәселені қарастырған конференция бастапқы көздеген межесіне қол жеткізді деуге толық негіз бар. Себебі, оның барысында оқушылар тақырып аясындағы білімдерін жетілдірумен қатар, туған жердің табиғи байлығын тиімді пайдалану қажет екендігін және сол мақсатқа қол жеткізудің жолдарын пайымдады. Салыстыру және сараптау қабілеттерін ұштап, өз пікірлерін ортаға салуға машықтана түсті.
Қонференцияға қатысушылар мектеп-интернаттың мақтанышына айналған топ – халықаралық, республикалық ән байқаулардың жеңімпазы «Дауыс» квартетінің өнерін тамашалау мүмкіндігін де иеленді.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 187
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px