Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Экология және жасыл әлем
Марат МАДАЛИМОВ,
«Орталық Қазақстан»
Елбасымыз халқына арна­ған өзінің жыл сайынғы дәс­түрлі Жолдауларында эко­логия мәселесін назардан тыс қалдырған емес. «Қазақс­тан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мем­лекет басшысы «Ұлт ден­саулығы – біздің табысты болаша­ғымыздың негізі» деп айта келе, ана мен бала денсаулығының қор­ғалуы медицина саласы ға­на емес, сонымен бірге, таза эко­логияға да қатысты екенін айрықша атап өтті.
Елбасы Жолдауынан туын­дайтын тапсырмаларды не­гізге ала отырып, жақында Қара­ғанды қаласындағы маңыз­ды білім беру колледжінің сту­денттері «Мектепке дейінгі бі­лім беру» ісінің маманы Гүл­дана Жұмырованың жетекші­лігімен қаладағы «Ертөстік» ба­лабақшасында оқу-тәжірибелік жұмыстарын өткізді. «Экология және жасыл әлем» мағынасында өткен аталмыш іс-шара бары­сында колледждегі сырттай оқу бөлімінің студенттері әдістемелік нұсқауларға сәйкес балабақша ауласына гүлдер, жас көшеттер отырғызып, оларды өсіріп-бап­таудың қыр-сырына нақты іс жүзінде көз жеткізді. Оқу-өн­дірістік тәжірибе барысында, сон­дай-ақ, студенттер өлке­тану мұражайында болып, жас балалар білуге қажетті эко­логиялық зиянды, зиянсыз жән­діктер табиғатымен танысты. Гүл­дана Өркінбекқызының ұйым­дастыруымен колледждің сырт­тай оқыту бөлімінің студенттері Теміртау қаласына да сапар ше­гіп, ондағы қысқы бақта болды. Қысқы бақта өсіріліп жатқан, тро­пикалық ормандарда өсетін өсім­діктер мен ағаштарды тама­шалады. 
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2701
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px