Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 19.11.2018

Экология – жаһандық маңызды мәселе
Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында үміткер қостанайлықтарды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Бағдарлама экологиялық мәселелерді көтереді.
Ә.Құсайынов жиылған жұртқа тір­шіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде, қоғамды кезең-кезеңімен экологияландырудың қандай күрделі әрі өзекті міндет болып табылатыны туралы әңгімелеп берді. Бұл – дамудың алдағы жоспарын мұқият зерттеу арқылы ғана қол жеткізуге болатын жаһандық мақсат.
Үміткердің айтуынша, әлемдік экология­лық мәселелерге тиісті деңгейде назар бөлінбеуі, халықаралық пікір алмасуларда бұл тақырыптың тар шеңберде қозғалуы жаңа, абструктивті табиғи құбылыстар туындатуы мүмкін.
«Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыз­дағының бәрі  табиғат – біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл» орта осалданып барады. Оған дәлел ретінде, топырағы құнарлы жерлердің тапшылығын атап өтуге болады.
Бүгінде, бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, әлем бойынша, 21,9 гектарға тең. Ал, Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның әрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл –  өте күрделі мәселе», – деді Ә.Құсайынов.
Кездесу барысында үміткер сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті. Мәселен, оның айтуынша, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі – батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған.
«Экология – біздің ортақ үйіміз, ғалам­шарымыз туралы ғылым. Ғалам­шарымыз жалғыз сондықтан, оны көзіміздің қара­шығындай сақтауымыз керек. Бұл туралы мектеп  қабырғасынан бері айтылып келеді  бірақ, нақты іске келгенде мәселенің өзектілігі жойылар емес. Мысалға, жаһандық жылыну проблемасын алайық. ХХ ғасырдан бері орташа ауа температурасы 0,74 градусқа өсті. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі. Тұрақты температуралық көрсеткіш ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін бұл үлкен өзгеріс», – деді Әбілғазы Құсайынов.
– Үміткердің келтірген мәліметі бойынша, ХІХ ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылырақ. Бұл ғылыми қауымдастықтар мойындап отырған жалпыға аян ақпарат бірақ, халықаралық деңгейде оған тиісті жауап табылмай отырғаны өкінтеді, – дейді ол.
Көптеген елдерде жасыл технология өндіріске енгізілмей келеді, тіпті, оны жатырқап отырғандар қаншама?! Табиғи ресурстар кешенін біріктіретін ортақ термин – экологияны күйзеліске ұшыратқан мұндай күрделі жағдай амалсыз ертеңгі күнің туралы алаңдатады.
Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесу барысында үміткердің сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да экологиялық тақырыптың өзектілігіне тоқталды.
«Біздің заманымызда экология – шектеулі тіршілік көзі. Негізінен, оның шектеулі екені бұған дейін де белгілі болатын бірақ, шексіз көрінген шикізат қорының таяздануы күн тәртібіндегі күрделі мәселеге айналды. Сондықтан да, біз халықты экология ғылымдарының негізгі бағыттарымен таныстырып, аталмыш мәселеге мұқият көңіл бөлуге шақырамыз. Жасыл вектор, үнемі, таза ауа, құнарлы жер, ауызсу көздері мен Жер шарының атмосферасы сынды ең маңызды табиғат қорларының тапшылығы туралы өзекті мәселелерді меңзейді», – деді Р. Жоламан.
Кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің өзектілігіне тағы бір тоқталып, қала жұртшылығын жаһандық экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге шақырды.
«Табиғат – адамзаттың басты байлығы. Оны қастерлеп, күтіп ұстау керек, ол – әр адамның, әрқайсымыздың басты міндетіміз», – деп қорытты өз сөзін Ә.Құсайынов.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1102
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1261
count 88x31px