Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 19.11.2018

Қоқыс та қажетке жарауда

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Қарағандыны қоқыстан тазарту – шаһар басшылығының бас қатырып жүрген басты жұмыстарының бірі. Октябрь ауданының әкімдігі қоқыс­пен күресудің тың тәсілін енгі­зуде. Бұдан былай қоқыс өткізіп, қал­та­ңызды қалыңдай аласыз.  
Пришахтинскіде ашылған қоқыс қабылдау пунктіне түрлі тұрмыс қал­­дықтарын тапсыруға болады. Қа­былданатын қоқыстың тізімінде пластик, шыны, қағаз, қаңылтыр, поли­этилен, ескі-құсқы шүберек сынды қа­жетсіз дүниелер көрсетілген.
Пластиктің килограмы үшін 10 теңге төленеді. Бір килограмм шыны – 5 теңге, картон – 3 теңге, полиэтилен – 8 теңге тұрады. Ал, екі алюминий құтының (банка) құны  1 теңгеге бағалануда. Барлық жиналған қо­қыс Қарағанды және Алматыда ор­наласқан арнайы өңдеу зауыттарына жөнелтіледі.
Аталған жобаны аудан әкімді­гі мен «Ресайклинг» ЖШС бірлесіп қолға алуда. Ұйымдастыру­шылар­дың айтуынша, «екінтіде оянса да», елден озып кеткен Еуропада ер­теде енгізілген осы әдіс арқылы көшелерді тазартып, қала келбетін жақсарта түсуге сәл де болса мүм­кіндік тумақ.
Бұл пункт қаламызда әзірге жалғыз. Келешекте Майқұдық пен Сұрыптау стансасында да ашылады деп күтілуде.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 714
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1261
count 88x31px