Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Табиғат байлығын сақтап, молайтайық

Біздің басқарманың міндеті табиғи ресурстарды сақтау, қорғау және ұлғайту, табиғат пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Өткен жылы 2010-2014 жыл­дарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы мен 2011-2015 жылдарға арналған басқарманың стратегиялық жоспарында көзделген барлық шаралар жүзеге асырылды.

Атмосфера ауасын жақсарту жөніндегі шаралардың бірі орманмен көмкерілген алқап көлемін арттыру болып табылады. Мем­лекеттік орман қорының жалпы аумағы – 200847 га, оның ішінде орман өскен алқап – 91957 га.

Басқарманың жедел басқару құқында алты ведо­мство­лық бағын­ыстағы мемлекет­тік коммуналдық орман шаруа­шылығы мекемесі бар, олардағы қызметкерлер саны 320 адамды құрайды.

Өткен жылы 230 га алқапқа ағаш отырғызылды, онда 580 мың дана жапырақты ағаш тұқымдастығының екіжылдық екпе көшеті егілді, олардың жерсінуі нормадағы 60 пайыз орнына 75 пайыз болды.

Қылқан жапырақты тұқым­дастардың 1849 кг тұқымы дайындалды. Тұқым 8,5 га алқапқа себілді, 2400 кг қарағай бүршігі жиналды.

Қарағанды орман шаруашы­лығының тұқымбағында (питомник) 680 мың дана стандартты отырғызу материалы өсірілді.

2014 жылы отырғызылатын орман есебінен 240 га , 2015 жылға – 300га жер көлемінде топырақ дайындалды. 102 га алқапта санитарлық ағаш кесу жұмыстары жүргізілді.

Кейінгі үш жылда орман шаруа­шылығы коммуналдық меке­мелерінің материалдық-тех­ника­лық жарақталуы 65 пайыздан 85 пайызға дейін жетті.

2013 жылы басқарма мен орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары Астана қаласында «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болып, «Ынтымақтастық туралы келісім» жасады. «Жасыл Аймақ» РМК мен Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін үйреніп, 2020 жылға дейін облыс қалалары мен аудан орталықтарының айналасында «жасыл белдеу» жасау жөнінде бағдарлама әзірленді, онда облыстың 5 орман шаруашылығында тамшылатып суару әдісімен тұқымбақтар жасау көзделген.

Мемлекеттік стандарт бойынша 1000 тұрғынға кемі 20 гектар орман желегі болуы тиіс. Қалалар ман аудандардың әкімдіктеріне орманға жарамды жерлерді анықтау жөнінде зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу керек. Топырағын зерттеп,сол жер телімдерінің иесі анықталғаннан кейін «жасыл белдеу» құру үшін иеліктен алу, тегін беру немесе сатып алу процедураларын жүргізу қажет болады.

Ормандарды өрттен сақтау мақсатында өртке қарсы алдын алу шаралары өткізіледі. Орман қоры аумағында жануарлар әлемін қорғау орман күзеті қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі, жылына 2 рет жабайы жануарларды есептеу өткізіліп, оларды қорғау шаралары жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау шаралары аясында 2013 жылы мынадай жұмыстар атқарылды:

Саран су қоймасы айналасында 24 га алқапқа 23910 көшет мөлшерінде жасыл желек отырғызылды;

Приозерск қаласында жаға­лау аумағының мұнай өнімдерімен жайыла ластануын жою және кейін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар орындалды;

мынадай нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар жасалды: «Соқыр өзені арнасын тазарту», «Приозерск қаласында Бал­қаш көлінің су қорғау аймақтарынан тыс аумақтың мұнай өнім­дерімен жайыла ластануын жою және кейін қалпына келтіру».

Үкіметтік емес ұйым­дарды мем­лекет­тік қолдау мақсатында ҮЕҰ -дың жобалары бойынша «Вестник природопользования Сарыарки» журналын шығаруға бюджеттік қаржы бөлінді, ал жастарға арналған тоқсан сайынғы «Я и Земля» журналы қалалар мен аудандардың білім бөлімдеріне тегін таратылды, оның таралымы 4000 дана болып отыр.

Елбасы өткен жылы мамыр айының соңында елдің «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын бекіткендігі белгілі. «Жасыл экономикаға» көшу – Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясында көзделген ең дамыған 30 елдің қатарына ену жөнінде алға қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Тұжырымдаманың қағида­ла­р­ын түсіндіру мақсатында қазан айында облыс орталығында «Қарағанды облысының «жасыл экономикаға» өтудегі әлеуетін бағалау» деген тақырыпта аймақтық семинар болып өтті. Оның жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі, БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары, мемлекеттік қызметшілер, өнеркәсіп орын­дарының басшылары, ШОБ, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 500 дей болды. Семинарда «жасыл экономикаға» көшу тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылып, 44 жоба ұсынылды.

2014 жылы табиғат қорғау шаралары аясында мынадай жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жоспарланып отыр:

«Кеңгір су қоймасы айналасында жасыл желек отырғызу»;

«Тоқырауын өзенін тазарту»;

«Жезқазған қаласында Қос­тан­гелді өзегінің түбін тазарту»;

Үш КММ бойынша мемлекет­тік орман қоры телімдерін кейін қалпына келтіре отырып, қомарды қопару, тазарту»;

ҮЕҰ жобаларын жүзеге асыру.

Өткен жылы 1091 жобаға экологиялық сараптама жасалды, барлық жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. 2, 3, 4-санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға 542 рұқсат берілді.

Су қатынастарын реттеу мақсатында 002 «Су қорғау аймақтары мен мен су нысандарының жолақтарын орнату» және 004 «Аса қауіпті су шаруашылық құрылыстары және гидромелиоративтік жүйелер­ді қайта құру» бюджеттік бағдар­ламалары жүзеге асырылады.

Су қорғау белгілері 2013 жылы 17 су нысанында орнатылды, сондай-ақ 16 жобалау-сметалық құжаттамалары жасалды.

Бұқар жырау ауданының Ботақара селосындағы плотина мен көл бойындағы бөгетке күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұқар жырау ауданының Жаңақала, Жастілек, Тоғызқұдық плотиналарын және Қаражал қаласының Шалғия су қоймасын күрделі жөндеу жөнінде жобалау-сметалық құжаттамалары жасалды.

2014 жылы Жаңақала селосы мен Шалғия плотиналарына күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ Абай ауданындағы «Қойбас №1» және «Қойбас №2» плотиналарын күрделі жөндеу жөнінде ЖСҚ жасау жоспарланып отыр. Осы жылы облыстық коммуналдық меншікке жататын, «Қарағанды су қоймалары» КМК балансындағы су шаруашылық құрылыстарын ұстап тұруға және пайдалануға және көктемгі су тасқынына қарсы шаралар өткізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Атқарылған жұмыстардың нәти­жесінде басқарма Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында көрсетілген индикативтік көрсет­кіштерге қол жеткізді.

Басқарма қызметкерлері өз­дерінің алдарына қойылған мін­деттерді шешу үшін бар күштерін жұмсайтын болады


Шагурашид МАМАЛИНОВ,

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1490
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px