Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Жуыр­да Қарағанды қала­сы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің қол­дауымен «Қазақстан студенттер альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының облыстағы белсенділері Қарағандының «Болашақ» университетінде «Таза қала. Таза аула. Таза өзен» экологиялық акциясы аясында «Таза қала – еліміздің гүлденуінің негізі» атты жалпықалалық дөңгелек үстел өткізді.

Оның мақсаты айналадағы ортаның ластануының негізгі себебін анықтап, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шараларға ұсыныстар енгізу, Қарағанды қаласының экологиялық жағдайын зерттеу және ластанудың алдын алу болып табылады.

«Қазақстан студенттер альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының Қарағанды облысы бойынша көшбасшысы Саят Балмақаев жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеп, дөңгелек үстел басындағы әңгімені жүргізіп отырды.

«Қазақстан студенттер альянсы» РСҚ-ның Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ бойынша вице-лидері Мирас Қарғабай, «Қазақстан студенттер альянсы» РСҚ-ның Қарағанды «Болашақ» университеті бойынша І-ші вице-лидері, 2-курс студенті Гүлім Әбілғазина, Қарағанды облысы «Жасыл ел» жастар шығармашылық ұйымының менеджері және басшының орынбасары Андрей Савчук, «Қазақстан студенттер альянсы» РСҚ-ның ҚарМТУ бойынша көшбасшысы Ернат Әбеуов қызықты баяндамалар жасады. ҚарМУ-дың 2-курс студенті Тойгүл Мәуленова шығып сөйлеп, өз ойын ортаға салды. Әңгімеге басқа да қатысушылар жасалған баяндамаларды қызу талқылады.

"Сарыарқа" бетінің бүгінгі санында осы дөңгелек стол материалдарын беріп отырмыз.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2202
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px