Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.08.2017

    Құс жұмыртқасының үлкендігіндей бұршақ Ақмешіт ауылында ойран салды. Жаздың ең ыстық мезгілі – маусымның аяғын ала табиғаттың көрсеткен бұл мінезі ауыл халқын абдыратып тастады.

 

Үйлердің шатырлары жарылып, терезе әйнектері шытынаған. Осыдан-ақ бұршақ екпінінің қаттылығын біле беріңіз. Тіпті, ауылға қонаққа келген жолаушылардың тыста тұрған автокөліктері зардап шекті.

26 маусым күні түс ауа күн бірден күрт суытып, жаңбыр нөсерлете жөнелген. Арты жұмыртқа пішіндес бұршаққа айналып, толастамастан 30 минут көлемінде жауған. Бір жолақ бойында өткен табиғат құбылысы бақша өсімдіктерін де отап өткен.

Үлкендердің айтуынша, табиғаттың мұндай құбылысы 70 жылдардың басында болған екен. Аудандық өлкетану-мұражайының директоры Ә.Есмағанбетова:

– 1971 жылдың жазы болатын. Ол кезде мен білім саласында қызметтемін. Шәкірттеріммен кезекті жарысқа барған едік. Сол кезде табиғат тура осындай мінез танытып, балалардың жұдырығындай бұршақтың астында қалғанымыз бар, – деп естелігімен бөлісті.

Табиғат таңдандырмай қоймайды. Өткен қыста жаңбырдың астында қалған едік. Енді, міне, шыжыған жазда бұршақтың ызғарына қалдық.

 

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1000
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px