Әзірлік жасалуда - Экология - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Орман атмосфераға оттегі бөліп, көмірқышқыл газын сіңіруден бөлек, ағаш және бұта көшеттері шаңның таралуын бөгейді, шуылды басады, улы химиялық ластанулардың зияндылығын төмендетеді. Осы маңызды ресурс тұрақты күтім мен қорғауды талап етеді. Әсіресе, орманмен көмкерілген жер көлемі небары 0,4 пайызды құрайтын біздің облыс жағдайында.

Өткен жылы Қарағанды облысында мемлекеттік орман қоры (МОҚ) жерлерінде 20 өрт орын алды. Өрт өткен жердің жалпы көлемі 103,82 га құрады. Тұрғылықты халықтың кінәсінен 5%, найзағай жарқылынан 20%, дала өртінің МОҚ жерлеріне өтуі 35% өрттің пайда болуына себеп болды. 40% жағдайда өрттің орын алу себебі анықталмады. Орман өрттерінен келтірілген залал 1254,32 мың теңгені құрады. Орманда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 3 адам жауапкершілікке тартылып, оларға 237,8 мың теңге айыппұл салынды. Оның ішінде орман өртінің пайда болуына кінәлі 1 адамға сот 605,7 мың теңге сомасында өтемақы салды.

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, 2015 жылдың өрт қаупі бар маусымның қорытындылары және 2016 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық жөніндегі міндеттер туралы отырыс өткізді. Оған облыстың барлық орман иеленушілерінің өкілдері қатысып, орманды өрттен қорғау мәселесі талқыланды. Аталған отырыстың қорытындысында ҚР ІІМ ТЖК-ның ведомстволық бағынысты ұйымдарымен орман өрттерімен күресудегі өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және келісу туралы, аумақты өртке қарсы жабдықтау және орман өрттерін сөндіру, сондай-ақ, ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтерін оқыту және оларға нұсқаулық беру туралы, өрт сөндірушілер командаларын қалыптастыру туралы, өрт қаупі бар маусымның басталуына дейін жиналмаған ағаш кесу қалдықтарын жағып жіберу туралы, орман күзетіне орман бұзушылықтарын уақтылы анықтау, бұлтартпау және орман заңнамасын бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша шараларды белсенді қолдану туралы шешім қабылданды.

Орман заңнамасын бұзу бойынша хаттамаларды дер кезінде және сапалы толтырмағаны, сондай-ақ, заңсыз ағаш кесуді дер кезінде анықтамағаны үшін табиғат қорғау мекемелерінің бірінші басшылары дербес жауапкершілікке тартылады.

Биылғы жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 100, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 250, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.

 

Бауыржан ЖАРЫЛҒАСИН,

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 208
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px