Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Экономика

Материалдар категориясында: 200
Көрсетілген материалдар: 191-200
Беттер: « 1 2 ... 18 19 20

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
03.07.2012
Шіліңгір шілденің алғашқы күні өнеркәсіптің озық үлгілері мен ауыл-аймақтың қауышқан кү­ні болды. Нақтырақ айтсақ, елі­міз бойынша аталып өтетін Ин­дус­трияландыру күніне орай Қарағанды қаласының қақ төрінде индустриалдық-инновациялық жо­ба­лардың көрме-жәрмеңкесі көп­шілік назарына ұсынылды. Көр­меде елді индустрияландыру бағ­дарламасы қабылданған кезеңнен бастап аймақта іске қосылған жо­балар мен жаңадан қанат қақ­қан кәсіпорындар өз өнімдерін ұсын­ды. Өндірістер өз өнімдері туралы әңгімелесе, ауылдан келген аға­йын қалалықтарды қымыз бен ба­уырсаққа бір тойдырды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 721
23.06.2012
Кеніштегі метан газынан элек­трқуатын алу жобасы негі­зін­де Шахтинск қаласында «Ар­се­лорМиттал Теміртау» АҚ-ының «Ленин атындағы шах­тада газсыздандыру арқылы ме­таннан электрқуатын алу»  бо­йынша пилоттық құрылғы іс­ке қосылған. Бұл тиімді әдіс күт­кендей нәтиже берсе, өзге де кеніштерге орнату жоспарда. Жоба  жұмысының қалыпты ыр­ғақта екенін облыс әкімінің орын­басары Ә.Ахметжановқа жо­ба жетекшілері мәлімдеді. 
Жобаның құны – 251,6 млн.теңге. Компанияның  қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Жо­балық қуаттылығы – 1,4 мгвт.
 пікірлер: 0
 оқылған: 538
23.06.2012
 Қазақстан Үкіметінің жоспарына сәйкес, «Халықтық ІРО» эмитент­терінің алғашқы легі, оның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясы Қа­зақс­танның ішкі нарығына 2012 жылдың екінші жартысында - 2013 жылдың бірінші жартысында шығарылады. ҚР Ұлттық банкінің АӨҚО басқарма төрағасының орын­басары Шыңғыс Қанапянов өзі­нің жақында берген сұхбатында Ха­лықтық ІРО шеңберінде акция­лардың толық немесе басқарушы пакеті мемлекетке тиесілі болып табылатын кәсіпорындардың акциялары сатылады, – деп түсіндірді.  
 пікірлер: 0
 оқылған: 860
05.06.2012
Ертең ҚР қаржы полициясы органдары өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтеді. Осыған орай біздің тілшіміз облыс бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің бастығы, қаржы полициясының полковнигі Аманберлі Елеукенұлы ИСАБЕКОВКЕ бірнеше сұрақ қойған еді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 598
05.05.2012
Көпшілік елдің өз ісін ашуды ойлайтындығы ақиқат. Бірақ олар неден бастауды білмейді. Бұл ең бірінші кезекте жаңадан ашылатындарға қатысты. Әсіресе, алғашқы қадам оңай болмайды. Өкінішке қа­рай өз бизнесін ашқан бетте, ол тіпті шағын болғанымен бірден әр түрлі проблемаларға тап болатыны бар.
 пікірлер: 0
 оқылған: 941
03.04.2012
Өткен ғасырдың жетпісінші-сек­сенінші жылдары Қарағанды облысы құс өсірушілерінің тасы өрге домалаған, жұлдызды шағы болды десек еш қателеспейміз. Әсіресе, тауық жұмыртқасын өндіруден рес­публика көлемінде алдарына жан салмады. Бүкілодақтық социалистік жарыс қорытындысында жүзден жүйрік атанып, ауыспалы қызыл туды сан мәрте желбіреткені жайында біздің газет те аз жазған жоқ. Сол тұста құс өсірушілер тауық жұ­мыртқасымен өзімізді ғана емес, көршілес облыс тұрғындарын да қам­тамасыз етіп отырды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 870
29.03.2012
28 наурыз күні облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов мәжіліс өткізіп, онда кейбір инвестициялық жобаларды іске асыру ба­рысын қарады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 672
29.03.2012
Қарағандылық кәсіпкерлердің өнімдерін шетелге шығару мүмкіндіктер парасын ұсынған «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ының делегациясы дүйсенбіде кәсіпкерлермен кеңес өткізді. Онда отандық өнеркәсіптің өнімін экспорттауы үшін Ұлттық агенттіктің қандай қарекет жасай алатындығы егжей-тегжейлі сөз болды. Сонымен, осыдан екі жыл бұрын ғана құрылған агенттік қарағандылық кәсіпкерлердің шекара сыртына өнімін өткізуге қандай қолдау көрсетпек?
 пікірлер: 0
 оқылған: 732
17.03.2012
Өндірісті өңір бүгінде  газдан­дыру мәселесіне ден қойып отыр. Көмірлі аймақтың газбен қам­тылуына арналған облыс әкі­мінің жұмыс кеңесінде «Өркен­газ» ЖШС өз жобасын ұсынды.
«Өркенгаз» ЖШС орталықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін саралаған сараптамаларын ортаға салды. Аталмыш кәсіпорын басшысының айтуынша,  кәсіпорынның серіктестері - Малайзия, Ресей, Италия, Польша және Түркия елдерінің компаниялары. Малайзиялық серіктестері бұл жобаға инвестиция құюға мүдделі екендіктерін де жеткізді. Жоба – кешенді. Онда Қарағанды облысын газдандырудың кешенді бағдарламасын, жобалық-смета­лық құжаттамасын әзірлеуді, құ­рылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстарын жүргізу көзделген. Магистральды газ құбырларын, тарату желілерін тартудан бастап, тұтынушыға жеткізуге дейінгі шаралар қарастырылған.
 пікірлер: 0
 оқылған: 755
17.03.2012
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де жаңадан енгізілетін еңбек­ақы төлеу жүйесінің аясында ке­йіннен тарифтік ставкалар бекіту үшін басшылардың, мамандары мен қызметкерлерінің біліктіліктерін анық­тап, бағалау мақсатында олар­ға аттестация өткізу басталды. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС таратқан мәліметтерге сүйен­сек, бұл жүйені енгізудегі басты ерек­шеліктің бірі  еңбекақының елеулі түрде жоғарылауы болмақ. Компанияда жаңа жүйені кезеңдеп енгізу өткен жылдың жазынан бері жүзеге асырылып келеді. Аттестация барысында қызметкерлердің атқарып отырған қызметіне лайықтылығын анықтау емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, білік­тіліктерін жоғарылату қажеттілігі де сарапқа салынады. Аттестация компанияның барлық аймақтардағы 15 пайызға жуық қызметкерлерін қамтиды және де көктемнің соңына дейін жалғасады. 
 пікірлер: 0
 оқылған: 850
1-10 11-20 ... 171-180 181-190 191-200

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px