Қаражатыңды қайтарып ал! - Экономика - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жуырда ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Дәулет АҚЫЛБЕКОВ, заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою бөлімінің басшысы Жұлдыз ЕСКЕНОВА, тауар нарықтарының мониторингі және талдау бөлімінің басшысы Таңшолпан ЖАҢАБАЕВА қатысқан Жез­қазған, Сәтбаев, Балқаш, Қаражал, Приозерск қалалары мен Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Нұра, Осакаров, Абай, Шет аудандарын және Жәйрем кентін электрмен қамту мәселесі бойынша БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті.

«Жезқазған энергосбыт» ЖШС-нің өткен жылғы 1 қаңтардан бастап бір кВт/сағатының құны ҚҚС-ты қоспағанда 19,34 теңге етіп бекіту туралы шешіміне департамент 2014 жылдың 23 желтоқсанынан бастап тыйым салған еді. Дәл осы күні серіктестікке 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір кВт/сағаты құнын ҚҚС-ты қоспағанда 12,95 теңге етіп төмендету туралы дәлелді шешім шығарылды. Алайда, серіктестік бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымданып, соттың талқылауы кезінде, өткен жылғы 1 қаңтардан бастап бір кВт/сағатының құнын ҚҚС-ты қосқанда өздері белгілеген 19,57 теңгеге жеткізген. Биылғы жылғы 11 мамырда ҚР Жоғарғы Сотымен департамент қызметі заңды деп бағаланып, серіктестік талаптары орындалмады. Соған байланысты, «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-нің тұтынушылары 2015 жылғы 1 қаңтардан бері бір кВт/сағаты құнын ҚҚС-ты қоспағанда 12,95 теңгеден артық төлеген шығындарын сотқа шағымдану арқылы қайтарып алуға құқылы.

– Бір жылдан аса уақыт соттасып, ақыры жеңіп шықтық. Заңға қайшы әрекетті ауыздықтадық. Ендігі мәселе, осы жайтты БАҚ арқылы көпке жеткізу қажет. Жерлестеріміз төлеген әр тиын қайтарылуы тиіс. Сіздер арқылы үніміз халыққа жетсе дейміз, – деді Дәулет Ақылбеков.  

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 241
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px