Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.11.2017
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де жаңадан енгізілетін еңбек­ақы төлеу жүйесінің аясында ке­йіннен тарифтік ставкалар бекіту үшін басшылардың, мамандары мен қызметкерлерінің біліктіліктерін анық­тап, бағалау мақсатында олар­ға аттестация өткізу басталды. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС таратқан мәліметтерге сүйен­сек, бұл жүйені енгізудегі басты ерек­шеліктің бірі  еңбекақының елеулі түрде жоғарылауы болмақ. Компанияда жаңа жүйені кезеңдеп енгізу өткен жылдың жазынан бері жүзеге асырылып келеді. Аттестация барысында қызметкерлердің атқарып отырған қызметіне лайықтылығын анықтау емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, білік­тіліктерін жоғарылату қажеттілігі де сарапқа салынады. Аттестация компанияның барлық аймақтардағы 15 пайызға жуық қызметкерлерін қамтиды және де көктемнің соңына дейін жалғасады.  
Корпорацияның барлық кәсіпор­ын­дарында 20 ақпаннан бері жұ­мысшы  біліктіліктерін растау да атқарылуда. Бұл рәсімге техника­лық жағынан дайындалуға бір ай емес, бірнеше айдың қажет бол­ғандығы айтылады корпорация та­ратқан деректерде. Өйт­кені, «Қа­зақмыстың» барлық кешен­дері мен филиалдарындағы 40 мың­нан астам жұмысшы бар. Бұл  үрдісте екі кезең. Бірінші, тестілеуден өткен соң кәсіби білімдері тексеріледі.  Қауіпсіздік техникасын сақтаудағы білімдерін бағамдайды. Жұмыскерлердің әр­қайсымен сұхбат өткізіледі, со­ның нәтижесінде жұмысына қанша­лықты қанағаттанатындығы, кәсіби жоғарылаудағы жоспарлары, ұж­ымдағы қарым-қатынастары және тағы басқалары анықталады. Ал еңбегіне қарай ақы төлеу жүйесіндегі жұмыскерлер үшін біліктілік сынама жұмыстардан өту көзделіп отыр. Жалпы алғанда, тестілеу процестері аяқталған кәсіпорындарда келесі кезең – біліктіліктерін растау рәсімін өткізуде. Негізінен, Қазақмыстың жұмыскерлерінің басым көпшілігі бірінші кезеңнен сүрінбей сәтті өтуде.  
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйе­­сіне көшу, яғни нақты бір лауа­зымдағы, қатардағы қызмет­кер­­дің тиімділік көрсеткіші мен разряд­тары есепке алынған диф­ференциалданған көзқарасты, жос­парлы көрсеткіштерге тәуелді болмайтын жалақыдағы тұрақты бө­ліктің жоғарылауын, сонымен қа­тар, қауіпсіздік техникасының нор­маларын сақтағаны үшін, рацио­на­лизаторлық ұсыныстары мен ресурстарды үнемдегені үшін бе­рілетін сыйақы бөлігін білдіреді.
Түрлі разрядтағы және әрқалай біліктері бар мамандықтағы жұмыс­керлер үшін еңбекақыларды өсірудің мысалдарын келтірер болсақ, ол былай болады екен:
Мыс зауытының 4 разрядтағы конверторлаушысы  (93 662 теңге болған – болатыны 117 278 теңге);
Мыс балқыту зауытының 5 разрядтағы балқытушысы – (107 776 теңге болған – болатыны 132 716 теңге);
Кен байыту фабрикасының 3 разрядтағы флотаторы – (65 349 теңге болған – болатыны 105 350 теңге);
Кен байыту фабрикасының 3 разрядтағы үгітуші машинисі –  (71 445 теңге болған – болатыны 103 001 теңге);
4 разрядтағы слесарь, электрослесарь, электромонтер (жерасты)  – (86 918 теңге болған – болатыны 130 390 теңге);
5 разрядтағы (жерасты) бекін­дірушісі  – (115 530 теңге болған – болатыны 154 821 теңге).
Өзінің біліктілігін растап дә­лел­дей алмағандар  шарттағы көр­се­тілген бұрынғы жалақысымен қалады, соның өзінде олар  үш ай өткен соң біліктіліктерін қайта растау  мүмкіндігіне ие болады.  
Аттестациялауды және білікті­лік­терді растауды, құрамында жер­гілікті басшылық, тиісті департаменттер мен қызметтердің өкілдері, кәсіподақ ұйымдары, өндіріс ар­дагерлері, сон­дай-ақ, тәуелсіз ұй­ымдардан келген сарапшылар бар комиссия өткізеді. Аттестация­лау мен біліктіліктерін растау рә­сім­дері үшін  арнайы кабинеттер жабдықталған.  
«Қазақмыс – Қазақстандағы ең ірі деген жұмыс берушілердің бірі. Республикамыздың түрлі аймақта­рында орналасқан компанияның кәсіпорындарында 60 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компанияның шешуші кадр ресурсы жұмысшы мамандықтардағы мамандар болып табылады. Біз осыдан кейінгі алдағы уақыттарда да олардың игіліктері мен біліктіліктерін жоғарылатып отыруға, жоғарғы еңбек көрсеткіш­теріне орай көтермелеуге баса назар аударамыз» – дейді Эдуард Огай «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 832
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1188
count 88x31px