Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтері туралы - Экономика - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 756 Қаулысына сәйкес жаңа редакцияда жазылған Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 57 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде 43-і эл­ектрондық/қағаз нысанында кө­р­се­тіледі. Бұл ретте мемлекеттік көр­сетілетін қызметті қағаз нысанында және  электрондық нысанда алуға болады.
Ұлттық Банкке мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтерді алу үшін жүгінген жеке және заңды тұлғалар қызмет алушылар болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес алуға құқықтары бар. Бұдан басқа, қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпаратты алуға құқылары бар. Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын көпшілік талқылау кезінде қатысуға мүмкіндік берілген.
Қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері бойынша шешімдерді, орталық мем­лекеттік органның, сондай-ақ, қызмет көрсетушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беруге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мынадай тәсілдері бар, олардың ішінде тікелей ҚР Ұлттық Банкінің және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтер.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету талап­тары мен тәртібі Мемлекеттік көрсеті­летін қызмет стандартымен және регламентімен орнатылады.
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін  қызметті электрондық нысанда көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т.б.) қарамастан Интернетке кіруге мүмкіндігі бар болған жағдайда «электрондық үкіметтің» порталы (www.egov.kz) арқылы Ұлттық Банкінің қажетті мемлекеттік қызметінің көрсетілуіне өтініш бере алады. Бұл тек көрсетілетін қызметті алушының компьютерде жұмыс істеу дағдыларын білуін ғана қажет етеді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетудің нәтижесі болып электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру немесе «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің ішіндегі мәліметтер табылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлға­лардың электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін беретін өтініші пайдаланушының сауалы негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес  мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру «Е-ли­цен­зиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамыту аясында бастау алған жобалардың бірі болып табылады. Лицензия процестерін автоматтандыру және Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік органның лицензия алушыларының және бизнес қауымдастығының арасындағы ақпараттық өзара әрекет ету механизм­і­нің тиімді және айқын болуын қам­тамасыз ету ақпараттық жүйенің міндеті болып табылады.
«Е-лицензиялау»мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі екі негізгі шағын жүйеден тұрады:
1) сыртқы портал, жеке және заңды тұлғалардың қандай да бір қызметтің түрімен айналысу үшін лицензия (қайта ресімдеуге, қызметті тоқтатуға) алуға өтінім беруге арналған;
2) ішкі портал, мемлекеттік ор­ган­ның лицензия алушыларының қызмет­керлеріне сыртқы порталдан келіп түскен өтінімдерді өңдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қолма-қол алынған өтінімдер бойынша жаңа өтініштерді порталда жасауға мүмкіндік береді.
Сыртқы портал Интернетте https: \\elicense.kz мекенжайы бойынша ор­наласқан және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар барлық қызмет алу­шыларға қолжетімді.
Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабарлау бойынша ақпарат төмендегілер арқылы берілетінін атап өту қажет:
көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерінде мемлекеттік көрсет­і­летін қызмет стандарттарын орналастыру;
жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушілерге жазатын өтініші;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
көрсетілетін қызметті алушыларға мем­лекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары жайлы ақпарат беру бойынша жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтама қызметі болып саналатын Біріңғай байланысу орталығына мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша өтініш жазу.
Бұдан басқа, қызмет алушы әрбір 57 көрсетілетін мемлекеттік  қызметтер бойынша толық ақпаратты Ұлттық Банктің (www.nationalbank.kz ) интернет-ресурсындағы «Ұлттық Банктің көрсе­тілетін мемлекеттік қызметтері» бөлімінен алуларына болады.
Сонымен қатар, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы (www.egov.kz) «Бизнеске арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» («Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» - «Бизнес бойынша») қосымша бетінде ҚР Ұлттық Банкінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін алу тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық Банкі» респуб­ликалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы төмендегі мем­лекеттік қызметтерді көрсетеді:
1. Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау
2. Валюталық операцияны тіркеу.
3. Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
4. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу
Лицензияны беру және микроқаржы ұйымдарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған, оларды «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 203
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px