Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі хабарлайды - Экономика - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  хабарлайды
Қазақстандықтар сәуір айының басына дейін  475 млрд. теңгені жария етті
2014 жылғы 1 қыркүйек – 2016 жылғы 1 сәуір аралығында өткен жария ету науқаны кезеңінде банктер 475,5 млрд. теңге жалпы сомаға 623 банк шотын ашты, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.
Хабарда аталып өткендей, Рақымшылық туралы заңға түзетулер енгізілген күннен кейін 2015 жылғы 29 қарашадан бастап банктердегі шоттарға 390 млрд. теңге енгізілді. Банк шоттары арқылы ақшаны жария ету қарқынының сонша­лықты айтарлықтай ұлғаюы заңдастыру рәсімдерін жеңіл­детуге, атап айтқанда, ақ­шаны бес жыл ішінде сақтау және 10% алым төлеу жөніндегі талаптардың жойылуына байланысты.
Ұлттық Банк науқанға 30 банк және Ұлттық пошта операторы қатысатынын нақтылады.
Енгізілген ақша және ашыл­ған шоттар бойынша Алматы қ., Астана қ., Атырау, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары көшбасшылар болып табылады (республика бойынша жария етілген ақшаның жалпы сомасының 98%-ы).

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 120
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px