Экономикалық өсім – өрлеу жолы - Экономика - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Экономикалық өсім – өрлеу жолы
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Дүйсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары   Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыстың биылғы жылдың бастапқы екі айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы кеңес өткізді. Кеңеске статистика департаменті және облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ, селекторлық режимде қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.  

Кеңес барысында мәлім бол­ғандай, 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында өндіріс өнімдерін өндіру – 6,8 пайызға, ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру – 0,4 пайызға ұлғаюы есебінен облыс экономикасының өсімі қамта­масыз етілген. Соның ішінде, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндіру көлемі 10,9 пайызға арта түскен. Салалар бойынша қарастырғанда, азық-түлік өнімдері көлемі 9 пайызға (15,4 млрд. теңге), жеңіл өнеркәсіпте – 8,2 пайызға (738 млн. теңге), фармацевтика өнімдерін өндіруде – 32 пайызға (327 млн. теңге), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 29,9 пайызға (1,6 млрд. теңге), металлургияда – 12,7 пайызға (160,3 млрд. теңге), машина жасауда – 76,4 пайызға (14,9 млн. теңге)артып, айтарлықтай жағымды көрсеткішке қол жеткізілген.
Есепті кезеңде 53 мың тонна тазартылған мыс шығарылып, өсім көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,4 пайызды құраған. Тазартылған алтынның көлемі – 800 келіге, өсімі – 41,8 пайызға жеткен. Ал, тазар­тылған күмістің өсімі 0,8 пайыз болып, көлемі, тиісінше, 59,8 мың келіні құраған екен.
Ауыл шаруашылығы бойынша мал санының өсе түскені байқалады. Мәселен, ірі қара мал – 1,7 пайыз, жылқы – 6,1 пайызға өсіп, құстың саны өткен жылдың деңгейінде сақталды. Сонымен қатар, ет өндіру – 1,6 пайызға, ал, сүт өндіру көлемі 3 пайызға арта түсті.
Осы кезең аралығында, жал­­пы алғанда 19,1 млрд. теңге­нің (0,4 пайыз) өнімдері өндіріл­ген. Көлемнің ұлғая түсуі мал шаруа­шылығы өнімдерін өндірудегі жетістіктермен сипатталады.
Ал, 2016 жылдың ақпан айын­дағы бағаның өсу деңгейі 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырмалы түрде алғанда 102,7 пайызды құрап, орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа артық болды (ел аумағында – 102,5 пайыз).
2016 жылға арналған қалалар мен аудандардың экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табуда. Облыстың қалалары мен аудандары үстіміздегі жылы экономиканың барлық салалары бойынша 340 мыңнан аса іс-шараны іске асыруды жоспарға енгізіп отыр. Ай сайын азық-түліктің 220 түрінің көлемін қамтитын мониторинг жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың бастапқы екі айындағы экономикалық өсім­ді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына жасалған талдау қабылданған жоспарлы көрсеткіштердің өңірлер тарапынан орындалып отырғанын көрсетті.
Кеңес қорытындысында   Асылбек Жексенбайұлы қалалар мен аудандар әкімдеріне, об­лыс­тық басқармалар басшылар­ына облыстың әлеумет­тік-эко­номикалық даму көрсеткіштерінің жағымды серпінін қамтамасыз етуді, экономикалық өсімге қол жеткізуге байланысты қабыл­данған жоспарлы міндетте­мелерді сапалы әрі дербес бақылау тұрғы­сында атқаруды тапсырды.    

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 262
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px