Кәсіпкерге – кең өріс - Экономика - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Кәсіпкерге – кең өріс
Отандық кәсіпкерлік – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қозғалыс күші. Мемлекеттік және бақылаушы органдардың тарапынан жүзеге асырылатын тексерістердің көп болуы еліміздегі кәсіпкерлік қызметінің еркін дамуына кедергі келтіреді. Осы орайда, мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған оңтайлы шаралар жүзеге асырылуда.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі – қазақ­с­тандық бизнесті қолдау. 2014 жылдың 24 желтоқсанында Елбасы «Қазақстан Респуб­ли­касында кәсіпкерлік қызметін дамытуға арналған жағдай­ларды түбегейлі жақсартуға байланысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Бұл Заң – Мемлекет басшы­сының кәсіпкерлік қыз­метті мемлекеттік реттеу тұжы­рымдамасын іске асыруға және қазақстандық бизнесті жан-жақты қолдауға байланысты сая­сатын жүзеге асырудың негізі. Мақсаты – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қолайлы жағдай жасау, мемлекет пен бизнес арасында серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыру, «жазалауды анықтау» саясатынан «алдын алу және адал кәсіпкерлікті марапаттау» мен жалпы кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру саясатына ауысу.
Өзгерістер мемлекеттік бақылау және қадағалау са­ла­­ларының барлық салалары­на қатысты. Ең алдымен, жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселесіндегі мемлекет тиімділігін арттыру. Яғни:
– жоспарлы тексерістерден тәуекелді бағалау жүйесі бойынша тексерістерді ұйымдас­тыруға ауысу;
– кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде, тексерістерге балама ретінде қызмет аудитін сақтандыру мүмкіндігін енгізу;
– бизнес субъектілерін та­рату­дың оңтайлы тәртібін енгізу;
– рұқсат алу барысындағы мерзімдер мен рәсімдердің санын азайту;
– кәсіпкерлердің Ұлттық па­ла­тасының рөлін арттыру, оның ішінде, кәсіпкерлердің құқық­тарын қорғауға байланысты уәкілдік институтын енгізу.
Нәтижесінде, мемлекеттік органдар тарапынан тағайын­далып, өткізілетін негізсіз тексерістердің саны азайды. ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті кәсіпкердің субъектілеріне қа­тысты өткізілетін тесеріс­тердің айқындығын және барлық тексерістерге қатысты нақты мәлімет алуды қамтамасыз ететін жаңа жобаны жүзеге асырды.
Бұл жүйе – тексерілуге жата­тын субъектілер мен нысан­дардың біртұтас жүйесі. Ол – уәкілетті органның тарапынан өткізілген тексерістер мен басқа да бақылау нысандары туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырылатын мәліметтердің электрондық базасы. Осылайша,  мем­лекеттік органдармен қатар, кәсіпкерлердің өз­дері де мә­ліметтер алу мүм­кін­дігіне ие болады. Бағдарлама тек­­серістердің жүйелілігін анық­таудағы мемлекеттік бақылау және қадағалау процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, қауіпті топтарға жатқызу және балдарды есептеу жүйесі автоматтандырылатын болады. Заңнама талап­тарының негізінде, тексеріс­тердің кестесі автоматты түрде қалыптастырылмақ.
Мемлекет тарапынан қа­былданып отырған шаралар шетелдік инвесторларды ынтымақтастыққа тартуға, Қазақстанның әлемнің ең үздік, бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуіне мүмкіндік бе­р­е­ді.

К.ДҮЙСЕМБАЕВА,
ҚР БП Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
комитетінің
Қарағанды облысы
бойынша басқармасының
Теміртау қаласы бойынша прокуроры.              

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 213
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px