Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.11.2017
Өндірісті өңір бүгінде  газдан­дыру мәселесіне ден қойып отыр. Көмірлі аймақтың газбен қам­тылуына арналған облыс әкі­мінің жұмыс кеңесінде «Өркен­газ» ЖШС өз жобасын ұсынды.
«Өркенгаз» ЖШС орталықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін саралаған сараптамаларын ортаға салды. Аталмыш кәсіпорын басшысының айтуынша,  кәсіпорынның серіктестері - Малайзия, Ресей, Италия, Польша және Түркия елдерінің компаниялары. Малайзиялық серіктестері бұл жобаға инвестиция құюға мүдделі екендіктерін де жеткізді. Жоба – кешенді. Онда Қарағанды облысын газдандырудың кешенді бағдарламасын, жобалық-смета­лық құжаттамасын әзірлеуді, құ­рылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстарын жүргізу көзделген. Магистральды газ құбырларын, тарату желілерін тартудан бастап, тұтынушыға жеткізуге дейінгі шаралар қарастырылған.
«Өркенгаз» басшылығы жоба­ның артықшылығы – минус 160 градусқа дейін суыту жолымен жасанды түрде сұйытылған табиғи газды пайдалануда екеніне баса назар аудартты. Мұның өзі оны сақтау мен тасымалдауды едәуір жеңілдете түседі. Пропан-бутан газ­дарына қарағанда сұйытылған табиғи газ тіпті минус 50 градус суықтың өзінде қатпайды.
Ал бұл газдың тұтынушылары қатарына өнеркәсіп ошақтарынан бастап, автокөліктер құрай алады. Жоба жетекшілері Мәскеуде көлікке жанармай орнына тап осындай газдың пайдаланылып отырғандығын мысал ретінде кел­тірді. Әсіресе, агроөнеркәсіп саласында да қолдануға қолайлы. Ең біріншіден, ауыл шаруашылық техникасы үшін мотор отыны ретінде пайдалануға болады. Бұл көктемгі егістік және егін орағы кезінде жанар-жағармай тап­шы­лығын жоюға мүмкіндік береді.
Әбілғазы Құсайынов тиісті құрылым басшыларына атал­ған жобаны өңірдің елді мекен­дерінде жүзеге асыру, оның ішін­де Теміртау қаласын газбен қамтамасыз етуді жақсарту және Сәтбаев қаласын жылумен қам­тамасыз ету жұмыстарында пи­лотық негізде пайдалану мүм­кіндігін қарастыру қажеттігін тап­сырды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 742
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1188
count 88x31px