Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-қарашада Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 1233,6 млн. АҚШ долларына жеткен. Өзара сауда көлемінде экспорттың үлесі – 48,4%, импорт – 51,6%.

«Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі –1153,4 млн. АҚШ доллар сомасында қалыптасты. Беларусь Республикасымен – 47 млн. АҚШ доллар (3,8%), Қырғызстан Республикасымен – 32,9 млн. АҚШ доллар (2,7%), Армения Республикасымен – 175,1 мың АҚШ доллар (0,01%). Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттың жалпы көлемінде 91,6% – Ресей Федерациясына, 3% – Беларусь Республикасына, 5,4% – Қырғызстан Республикасына тиесілі» делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарламадағы мәліметтерге сүйенсек, экспорт көлемінде темірден жасалған жалпақ илек, қоспаланған, қоспаланбаған және тот баспайтын болат, тас көмір, шымтезек, шекемтас және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері, мырыш кендерi мен қойыртпалары басым.

Ал, импортқа келсек, Ресей Федерациясынан импорт Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорттың жалпы көлемінен 95,3%-ды, Беларусь Республикасынан импорт 4,6%-ды, Қырғызстан Республикасынан 0,1%-ды, Армения Республикасынан импорт 0,03%-ды құраған.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 580
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px