Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 27.04.2018

Батыстың мүмкіндігі мол
ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағында ҚР Инвестициялар және даму  министрі Қазақстанның батыс аймағының көлік-логистикалық мүмкіндігін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, Әсет Исекешев өңірдің бірқатар өндіріс ошақтарын аралады. Соның ішінде 2014 жылдың желтоқсанында «Ақтау теңіз порты» АЭА-ында ашылған «КИС-Ақтау» ЖШС индустриалдық құрылыс комбинаты бар. Комбинат жаңа технологияны пайдаланып темірбетон бұйымдарын және тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды шығарады.
Сондай-ақ, Ә.Исекешев индустрияландыру бағдарламасына қатысатын «ҚазАзот» ЖШС өндірісін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. Кәсіпорынның жабдықтары қалпына келтіріліп, жаңғыртылған соң аммиак селитрасын түйіршіктеудің жаңа технологиясы енгізілді. Нәтижесінде зауыт қуаттылығы 50%-ға артты. Жоба құны – 5,6 млрд. теңгені құрады.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелерін, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының және өңірдегі туристік кластердің дамуын сарапқа салды.
«Ақтау теңіз порты» АЭА құрылған сәтінен бастап, шамамен 30 млрд. теңге қаражат тартылды, 223 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бюджетке салық түрінде 19 млрд. теңгеден астам қаржы түсті. 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
АЭА аумағында 31 қатысушы тіркелді, 9 жоба жүзеге асты, соның ішінде 4 жоба өткен жылы іске асырылды. Келісім-шарттағы міндеттерін орындамаған 3 жобамен инвестициялық шарт бұзылды. Мұндай жағдайдың қайталанбауы және АЭА тиімді жұмысы үшін енді жер учаскелері нақты инвестициялық салымдары бар және соңына дейін жүзеге асыру кепілдігі бар нақты жобаларға бөлінеді. Сонымен бірге, 22 жоба жүзеге асырылуда, олардың 8-ін  биыл іске қосу көзделген.
Атап өту керек, 2010-2014 жылдары  Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы сомасы 227,8 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба іске қосылды. 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.
Индустрияландыру бағдарлама­сының екінші бесжылдығына 1,8 трлн. теңгенің 77 инвестициялық жобадан тұратын портфелі құрастырылды. Шамамен 16 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Қазіргі уақытта елдің Индустрияландыру картасына енгізу үшін шамамен 1 трлн. теңгенің 58 ин­вестициялық жобасы қарастырылуда. Қалған 19 жоба жан-жақты саралануда.

Өз тілшімізден.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 536
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px