Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018


Бизнес  бастауынан – биікке
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Елбасы тапсырмасына орай, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қыруар шаруалар атқарылуда. Өткен жылдың 26 желтоқсанында облыс орталығында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуы – сөзімізге дәлел.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы жанынан ашылған орталық «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет атқарады. Мақсат – өңірдегі кәсіпкерлер мен енді ғана кәсіпкерлікті бастаушы тұлғаларды тегін оқыту мен кеңес беру. Бір сөзбен айтқанда, бизнестің бастауына мұрындық болу. Кәсібін нәсіп еткен жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті егжей-тегжей түсіндіру.
Кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп жүргізу, заңды тұлғалардың сұрақтары, маркетинг және бизнес-жоспар, мемлекеттік және өзге де сатып алулар бойынша кеңестер, «Даму» қорының бағдарламасы және «Бизнес кеңесші – І», «Бизнес кеңесші – ІІ», «Жас кәсіпкердің мектебі» сияқты бірнеше бағдарламалардың барысын халыққа таныстырады.
Мұндай қызметтерді қазіргі күнге дейін кәсіпкерлік бастамасы бар 1314 азамат пайдаланса, 2000-нан астам тегін кеңестер берілген. «Бизнес кеңесші – І» курсын тәмамдаған 150 азамат сертификат алса, үздік бизнес-идеялардың авторлары арнайы комиссия алдында жобаларын қорғайды.  
Кәсіпкерлікті дамытуды көзде­ген орталықтың мамандары жүйелі түрде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіп келеді. Ақпарат сұраған әркімге жан-жақты кеңес бере алатын кәсіби мамандар қажетті құжаттарды жинау барысында да кәсіпкерлердің көңілінен шыға біледі.
Сондай-ақ, орталық жанында екінші деңгейлі банктер мен Қарағанды облысы бойынша аймақтық кәсіпкерлер палатасы, «Сарыарқа» ӘКК»ҰК» АҚ және «Сарыарқа технопаркі» ЖШС өкілдері кәсіпкерлерге қызмет көрсетеді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 521
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px